«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Стэнфорд және Insead түлегі ұйымдардағы көшбасшылық туралы дәріс оқыды

2019 жылғы 19 Тамыз
- Алматы қаласы
5908 просмотров

Дархан Құралханов Алматыдағы маркетологтар клубының жаңа спикері болып келді. Клубтың кезекті кездесуінде ол Отандағы сүйікті ісі үшін, ең ірі шетелдік компанияларда неге жұмыс істеуден бас тарқаны туралы айтып, нағыз көшбасшы кім екені туралы лайфхактармен бөлісті.

ҚР Ұлттық кітапханасының алаңында «Ұйымдардағы көшбасшылық» тақырыбында маркетологтар клубының кезекті кездесуі өтті.

Спикер ретінде INSEAD-дағы Стэнфорд университеті мен MBA магистратура бағдарламасының түлегі Дархан Құралханов Шеврондағы инженер-мұнайшы, Siemens компаниясындағы мұнай-газ бөліміндегі бизнес-үдерістерді жақсарту жобаларымен Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияда дивизия жұмысын жақсарту бойынша команда мүшесі болып қызмет атқарған. Сонымен қатар, ол Siemens компаниясының CEO бағдарламасына шақырылған және іріктеуден өткен әлемдегі алты адамның бірі. Бүгінде ол бизнес-тренер және коуч, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университетінің деканы.

Дархан Құралханов өз өмірбаяны бойынша АҚШ-та қалай оқып, өмір сүргені туралы айтып кетті, қатысушыларды ірі халықаралық компанияларда жұмыс істегендігі туралы да хабардар етті, бірақ бүгінде ол білім саласында табысты жұмыс істеу үшін тікелей офистерді Алматы қаласында қалдыруды шешкен.

Сондай-ақ, спикер маркетолог клубының мүшелерімен көшбасшылық туралы, жетекші қандай болуы керек, көшбасшылық дағдыларды қалай дамыту керектігі туралы әңгімелесті. Ол әртүрлі ойларын ортаға салып, сондай-ақ шетелде оқыған және ірі компанияларда жұмыс кезіндегі алған ұтымды тәжірибесімен бөлісті.

«Маған жиі мынандай сұрақтарды қояды: егер оқу барысында әлсіз оқытушы болса, не істеу керек? Сіз өзіңіздің біліміңізді тек оқытушылар беретін ақпарат көлемі бойынша ғана бағалай алмайсыз. Егер оқытушы Сізді қандай да бір пән бойынша дұрыс бағаламаса, онда кітапханада көп уақыт өткізіп, үнемі қосымша білім алып жүріңіз. Өз уақытыңызды және мүмкіндіктеріңізді дұрыс пайдаланыңыз. Жаңа табысты ойды қалыптастыру үшін,  адам өзінің ескірген ойлауын тоқтату қажет», – деп айтты ол.

Ол сондай-ақ қатысушыларға командалық жұмыс жүргізудің маңыздылығы туралы айтып кетті. Спикердің пікірінше, адам  ойлаған мақсатына жалғыз жете алмайды. Біздің әрқайсымызға қолдау көрсететін адамдар қажет.

Менің жанымда қолдау білдіруші азаматтар болмағанда, бүгінгі жеткен жетістігіме жеткпеген болар едім. Менде жан-жақтан командалар өте көп болды. Біз үнемі кез-келген уақытта көп нәрселерді өзгерте алатынбыз. Мен сол себепті де команда болып жұмыс істегенді жөн көремін. Егер сіздің команданыз әлсіз болса, не болмаса бір адам дұрыс жұмыс істемесе, онда маған сенініз Сіз жеңілдіңіз.  Командалық жұмыста әрқайсысы белгілі бір күшке ие. Мен бұл нәрсені декан болып жұмыс істегенде түсіндім. Егер бір адам жоқ болса болды, жұмыс тоқтайды. Жақсы маман табу үшін 400-ге жуық адаммен кездесу ұйымдастырдым. Сондықтанда командаңызда жұмыс істейтін адамдарға көңіл аударыңыз. Егер жаныныздағы адам әлсіз болса, онда оны күшейтіңіз. Ал егерде командаңыздағы адамның басқа да мақсаттары болса, онда оны өз еркіне жіберіңіз. Ол өзіне жайлы сезінетін жерде, жұмыс істегені дұрыс», – деді Дархан Құралханов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер