«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұңғыш Президенттің бастамасы аясында студенттік жатақханалар қалай салынбақ

2019 жылғы 15 Сәуір
- Алматы қаласы
5045 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері және «Даму» АҚ мүшелері мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде студенттік жатақханалар құрылысының басталуы туралы халықты және кәсіпкерлік қауымдастықты хабардар етуге бағытталған түсіндіру кездесуін өткізді

 Кездесу барысында бағдарлама ұйымдастырушылары («Қаржы орталығы» АҚ) оның іске асырылу жүйесін түсіндіріп, бағдарламаның мүмкіндіктерін және бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық шарттарын таныстырып өтті.  

«Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті «Бес әлеуметтік бастаманы» жариялаған, олардың біреуі студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған болатын. Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін,  мемлекеттік тапсырыс беру жүйесі әзірленді, бұл алдағы уақытта жеке сектордың кең ауқымды қатысуын қамтамасыз етеді. Біз осы орайда инвесторларға, жеке кәсіпкерлерге студенттік жатақханалар салу үшін  өз қаражаттарын салуды ұсынамыз. Мен бұл үдеріске әлеуметтік мекеменің құрылысы ретінде емес, тұрақты, табысты және перспективалы бизнес ретінде кеңірек қарауды ұсынып айтқым келеді. Оның үстіне бұл мәселе үшін барлық алғышарттар қарастырылған. Біріншіден жоғары сұраныстың болуы. Біздің елімізде студенттердің алаңсыз тұруы үшін 91 000-нан астам төсек-орын әзірлеу қажет. Егер Алматы қаласы туралы айтатын болсақ, онда бұл 30 мыңнан аса қажеттілікті туындатады. Сондай-ақ, жақын арада Қазақстан 2000 жылы басталған сәбилердің өмірге келу көрсеткіші күрт артуы себепті келер студенттердің саны, тиісінше өсетіні анық. Егер ағымдағы оқу жылында талапкерлер саны 200 мың адам құраса, онда 2030 жылға қарай олардың саны бір жарым есеге артады. Әрине, бұл жағдай студенттік жатақханалардың сұранысына әсер етпей қоймайды», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ыбырайымов.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы мегаполистің іскер топтары арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. Бағдарламаға оннан астам жеке инвесторлар қызығушылық танытуда.

«Атап айтқанда, 2022 жылға дейін студенттік жатақханаларға 75 мың жаңа орын енгізу жоспарлануда. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 152 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тапсырыс аясында студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге жаңа жобалар ойластыруда. Жүйеге сәйкес, мемлекеттік тапсырыс аясында жаңа жатақхана салу кезінде әр төсек-орын үшін жыл сайын 122 АЕК төленеді, оның ішінде ғимаратты қайта жаңғыртуға 47 АЕК төленетін болады. Төлем кезеңі 8 жылды құрайды», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Дәуірбек Әбуов.

2019 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша 20 келісімшарт жасалды, осының аясында 2019 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 6 864 орынды іске қосу жоспарланып отыр: олардың 13-і құрылыс жұмыстарымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Орал қалаларында және 7-і қайта жөндеуден өткізілу жолымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Павлодар, Өскемен қалаларында іске асырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер