«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше кәсіпкер жел телімдерінен айырылуы мүмкін

2019 жылғы 02 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
10387 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 32-ші отырысы өтті

Кезекті жиында Петропавл қаласы, Шал ақын және Жамбыл аудандары кәсіпкерлерінің шағымдары қаралды. Екі мәселе СҚО әкімдігі жер инспекциясы басқармасының жұмысына қатысты болды.

Петропавл қаласы Жеке кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Олег Хрупин СҚО Кәсіпкерлер палатасына жер телімін пайдалану бойынша тексеруді тағайындауға қатысты шағым түсірді. Ол «Завадский А.В» жеке кәсіпкерлігінің мүддесін қорғап келді, жеке кәсіпкерліктің иелігінде Караванная көшесінде 0,2157 га жер телімі бар. Бұл территория аукцион арқылы 2015 жылы сатылып алынған, ал 2016 жылы жерді пайдаланудың мақсатты арналуы өзгертілді. Осылайша кәсіпкер бұл территорияда блок түріндегі жеңілдетілген металл конструкцияларынан техникалық қызмет көрсету станциясын салуды көздеген. Жуырда бизнесмен жер телімін пайдалану бойынша жоспардан тыс таңдаулы тексеру жүргізілетіні жайында хабарландыру алды. Бизнесменнің айтуынша, бұзушылықтар жоқ, сондықтан тексерулер, тіпті ескертепелер болмауы тиіс.

«Инспектордың айтуынша, тексеруді жүргізуге Петропавл қаласы әкімінің жер телімін ұзақ мерзім бойы пайдаланбау бойынша өтінімі себеп болған. Тексерудің негізі ҚР Жер Кодексінің 65-бабы, атап айтқанда 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті... олардың түсіндіруінше, біз жер телімін пайдаланбай отырмыз. Осы ретте жерді пайдаланбау ҚР Жер Кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес қарастырылады. Осы бапта жер учаскесін игерудің мерзімі мен шарттарын жергілікті атқарушы органдары айқындайды делінген. Алайда, қала әкімдігі мерзімді анықтаған жоқ», – деп шағымданды Олег Хрупин.

Сондықтан кәсіпкердің позициясы – мерзімдер анықталмағандықтан, «қай кезде қалаймын, сол кезде пайдаланамынға» саяды. Оның үстіне кәсіпкердің айтуынша жердің байырғы иесін ешкім тексермеген.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жер инспекциясы бөлімінің өкілдерінде өздерінің дәйектері бар. Тексерулер шағымдар бойныша ғана жүргізіледі. Мәселен, соңғы прокурорлық тексеріс қала шеңберінде 274 жер учаскесінің бос жатқанын анықтады. Оның бірі мына бос жер телімі – онда 4 жыл ішінде ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.

«Жайдан жай тексерумен біз келмейміз – аталған жер телімі бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінен өтінім түскен. Сонымен қатар тексеруді тағайындау шеңберінен тыс шыққан жоқпыз. Біз жер телімі пайдаланусыз жатыр деп белгілеп қойдық. Онда жұмыстар жүргізілмейтіні жайында куәгерлердің жауаптары бар. Сату туралы маңдайша жазу бар»,– деп түсіндірді Айтпай Байдүйсенов.   

 Айта кетелік, осындай категориядағы жерлердің мерзімін тағайындау практикасы қала әкімдігінде жоқ. Анық болғандай, жерді пайдалану мерзімін Қазақстан бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары ғана белгілейді екен.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Инесса Қуанова заңнамада мерзімдерді көрсетуге қатысты кемшіліктер барын атап өтті.

«Заңға сәйкес мерзімдер сату-сатып алу келісімшарттарда белгіленуі қарастырылған. Аталған жер телімі жеке тұлғадан аукцион арқылы сатылып алынған. Кәсіпкерде жер телімін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға қатысты міндеттемесі бар, бірақ механизмі қарастырылмаған. Заңнамада олқылық, реттелмегендік бар болуы мүмкін. Қазіргі таңда инспектор қай күні тексерумен келетіні бойынша сұрақ өзекті», – деп атап өтті Инесса Құнанова.

 Осылайша жиында тексеруді тағайындау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру СҚО ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінде тіркелген. Ал бақылаудың өзі әлі жүргізілмеген. Мәселені қарау нәтижесі бойынша кеңес мүшелері кәсіпкерге тексеруді тағайындауды емес, тексерудің нәтижесіне шағымдануды ұсынды. Палата сарапшылары аталған мәселені реттеп, «Атамекен» қарауына жібереді.

 Ал Жамбыл облысының 4 кәсіпкері – «Ілияс» ШҚ, «Хоменко» ШҚ, «Александр» ШҚ, «Айтуар-Агро» ШҚ мүлде жер телімдерсіз қалуы мүмкін. Жамбыл ауданы жер қатынастары бөлімі шаруаларға жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы хабарлама жіберген. Егістік жерлерді уақытша ақылы ұзақ мерзімді пайдалану (жалдау) құқығы шаруаларға 2008 жылы берілген. 2010 жылы аудан прокуратурасы әкімдіктің осы қаулыларын алып тастады. Онда жер телімдері заңсыз, яғни ұйымдастыру және байқау процедураларынсыз берілгендігі айтылды. Прокурор актісі қанағаттандырылды, осымен іс тоқталды, ал кәсіпкерлер бұл өзгеріс туралы естімеді. Жамбыл аудандық прокуратурасы 10 жыл өткен соң аудандық бөлімге «Заңдылықты бұзуды алып тастау туралы» хабарлама жіберілді.

   «Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланып келген. Жерлерді игеруге көп қаражат салынды. Алайда формальді дұрыс емес шешім салдарынан кәсіпкерлер бизнесінен айрылуы мүмкін. Егер аталған жер учаскілері байқау арқылы қайтадан берілетін болса, оларды байырғы иелері жеңіп алатынына кепілдік жоқ», – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Тимур Елеукин.

 Қазіргі таңда соттың істі қарауы басталды. Сондықтан кеңес барысында Палата сарапшылары жер учаскесіне жалдау шарттарын жарамсыз деп тану туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жер инспекциясы басқармасының талаптары бойынша сотта бизнес өкілеттілігін қамтамасыз етеді деп шешілді. Сонымен қатар қалыптасқан теріс практика «Атамекен» ҚР ҰКП және тиісті уәкілетті органдар назарына жеткізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер