«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Германияда тағылымдамадан өтуге өтінім беру басталды

2018 жылғы 17 Қазан
12100 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Германия-Қазақстан басқарушы мамандарды дайындау бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдауы басталғаны жайында хабарлайды.

 Бағдарлама  «Іскерлік байланыс» құралы аясында («Бизнестің жол картасы-2020») жүзеге асырылып жатыр. Германияда өтетін төрт апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама – бұл шетелдік кәсіпорындарда сәйкес бейін бойынша оқу және шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнатудың мүмкіндігі.

 Бағдарламаға қатысу үшін «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңіндегі бизнес-тренингтерді аяқтау  туралы немесе Назарбаев университетінде «ШОБ топ-менеджменті оқуы» құрауышы бойынша сертификат болуы керек. Тағылымдама өтетін елге ұшу, Қазақстанға қайтып келу шығындары, сонымен қатар сонда тұру бойынша шығындар қарастырылған. Ұшу орнына қатысушы өзі келуі керек.

 Байқау өтінімдерін қабылдау мерзімі: 12.10. - 12.11.2018

Байқаулық әңгімелесулерді өткізу мерзімі: 11.12 - 14.12.2018

Әңгімелесулер өтетін орын: Астана мен Алматы

 Іріктеуді өткізу тілі: ағылшын тілі, орыс тілі

Сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласу керек:

 call center +7-700-200-10-24 

ҚБТУ Корпоративті оқыту орталығы  +7 (7273) 357-43-00

+7 771-999-03-80 – Ләззат Айтмағамбетова

+7 701-217-12-62 -  Анастасия Тигай 

+7 777-422-83-96 -  Хилола Рахманова

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер