«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атамекенге 5 жыл: Адами капитал білім мен бизнестің негізі

2018 жылғы 13 Қыркүйек
5642 просмотров

Мамандарды дайындау мәселесі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін өзекті бағыттардың біріне айналды. ҰКП құрылған күннен бастап кәсіпорында мамандардың тапшылығын болдыртпау үшін көп күш жұмсауда.

Көмекке дуальді оқыту

«Атамекен» бизнес дамуында адами капиалдың маңызы зор деп санайды, ал заманауи өндірістерде кадрлардың жетіспеушілігін толтыруды мақсат деп біледі. Бүгінде білім беру жүйесінің жүз пайыз дамуына не кедергі? Мақсат ретінде емлекеттік стандарттар бойынша бизнестің қалауын есепке алмай мамандарды дайындау, жеке жоғары оқу орындар мен колледждердің өндірістермен қарым-қатынас орнатпауы осыған себеп болып отыр.

 «Атамекен» техникалық және бейінді білім беру жүйесінде дуальді оқыту бағдарламасын дамытуды ұсынды. Енді студент оқуының басым бөлігін кәсіпорында өткізеді.     Бүгін Ұлттық палата мемлекеттік тапсырысты нарықта сұранысқа ие мамандарды дайындайтын колледждерге бөлу мәселесін көтеріп отыр.

Дуальді оқыту – түлектері маманды игеріп, бейін бойынша тез жұмыс таба алатын келешекті бағдарлама. Жыл сайын мамандарды дайындауға 107 млрд теңге қаражат бөлінеді.

Бағдарламаға 2 327 кәсіпорын базасы мен 370 колледжде 19 973 студент қатысып отыр.

Рейтингті ашып, оқу орнын таңда

«Атамекен» ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындары студенттерінің қаншалықты сапалы білім алып жатқанын анықтау мақсатында ЖОО рейтингін құрды. Оқу орындары 9 критерий бойынша іріктеуден өтті, атап айтқанда: білім беру бағдарламаларының өзектілігі, түлектердің жұмысқа орналасуы және еңбеақының орташа құны есепке алынды. Бірінші кезеңде еліміздің 114  жоғары оқу орынның бағдарламалары бағаланды.

Бірінші кезекте «Атамекен» мамандарды оқытуды тиімді жүргізу үшін еңбек нарығы мен академиялық әлемді жақындастыру бойынша бизнестің талғамын жеткізгісі келді.   

Қолданыстағы әдебиеттің өзектілігі, оқу уақыты мен оқытылып жатқан пәндердің қатынасы, оқытылатын пәндердің өзектілігі, жаңашылдығы –маңызды критерийлер болып танылды. Білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілер бірлестігімен үйлестіру критерийлері, білім беру бағдарламаларына инвестиция салу, халықаралық аккредиттеу және мұғалімдер арасында практикалық тәжірибенің болуы екінші кезекте қаралды.

 Жұмыстың аралық нәтижесі – 33 мамандық бойынша 784 бағдарлама бағаланды. 2018 жылдың соңына дейін шамамен 50 рейтинг өткізіліп, мақұлданатын болады. ЖОО рейтингі (сілтеме) «Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Білім және ғылым министрлігі сайттарында жарияланған.

«Қысқа мерзімді оқу» арманға жетелейді

Тұрақты даму үшін үздіксіз кәсіптік білім алу қажет. Жастар мен жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді оқу бағдарламалары жақсы демеу болды. Бағдарлама 29 жасқа дейінгі жастар мен жұмыссыздарға арналған. Қатысушылар тегін біліммен қоса шәкіртақы алады, жол пұлы төленеді. Басқа қалалардан келетін қатысушыларға тұрғылықты орын жалдау шығыны өтеліп беру қарастырылған.  

Қысқа мерзімді оқыту еңбек нарығы мен мамандарды дайындау жүйесі арасындағы теңгерімсіздікті жояды, сұранысқа ие мамандықты алуға жол ашады. «Атамекен» мамандары 3 айлық оқу курсы бизнес үшін келешекті әрі өзекті деп  санайды. Енді кәсіпкер кәсіпорнында оқу орталығын ашу арқылы өзіне маманды өзі дайындап, ал студент практика жүзінде жұмыс барысымен тез танысып нағыз техникалық білім алып шығады.

2017 жылы бағдарламаға 91 оқу орталығы қатысып, олардың базаларында 7 982 адам оқудан өтті, оның ішінде 52%-ы жұмысқа тұрды. Бүгін тізілімде 189 оқу орны бар, оның ішінде 125-і кәсіпорындар жанынан ашылған, 4 077 адам оқу курстарында білім алып жатыр.

Бизнеске мектеп партасынан бастап баулу

Бизнес негіздерді қай жастан игеру керек? Ұлттық палата мамандары бизнеске мектептен үйрену керек деп санайды. Оған «Кәсіпкерлік негіздері» атты жаңа пән көмектеседі. Бұл пән бойынша сабақтар элективті форматта жүреді әрі 2019жылдан Қазақстанның барлық орта мектептерінде жүргізілетін болады. Биыл жоба 1 қыркүйектен бастап еліміздің 16 мектебінің 10-11 сыныптарында пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

 10-11 сыныптар – балаларға қажетті бағыттарды түсіндіріп, айтуға болатын жас ерекшелігі. Осы ерекше пәннің енгізілуіне мұрындық болған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  «Бастау» жобасы. Оқу курсы 40% – теориядан, 45% – практикадан, 15% – кейстерді  талдаудан тұрады. Пән сондай-ақ геймификацияға, яғни жаттығуларды ойын түрінде түсіндіруге негізделген.

 «Кәсіпкерлік негіздері» пәніне дайындалу үшін мектеп оқушылары болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдау үшін өз мүмкіндіктерін бағалау керек. Әлемдік практика көрсеткендей, оқушылар шартты түрде мына топтарға бөлінеді: 15% – болашақ кәсіпкерлер мен басшылар, 6% – болашақ ғылым мен өнер өкілдері, 79% – әлеуетті жалданатын қызметкерлер.

 «Атамекен» кәсіптік бағдар жұмысты 7 сыныптан бастауды ұсынды.  90 мың 7 сынып оқушыны кәсіптік диагностикалау жұмыстарына қаржы бөлінді.

 

Еңбек пен білім

Екі ішінде ең ауқымды жоба «Бастау» болды. Кім кәсіпкер болғысы келмейді? «Атамекен» жеке кәсіп ашу жолын жеңілдетіп, кәсіпкерлік негіздері бойынша 12 модульден тұратын оқу курсын әзірледі – жоба Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама арқылы жүзеге асып жатыр.

Қазақстандықтар бизнесті жүргізу, салық салу, маркетинг бойынша білім алады. Бизнес-тренерлермен бірге болашақ кәсіпкерлер бизнес-жоспар құруды үйренеді, кәсіп жүргізуге қажет шағын несие алуға мүмкіндік алады. Биыл «Бастау» ауылды жерде 30 мың жаңа жұмыс орнын ашуға көмектеседі.

 Жобаға 30 709 адам қатысты. 6 мыңнан астам қатысушы жеке кәсіп ашты немесе бизнесін кеңейте алды.

2018 жылы ҚР Президенті бастамасымен «5 әлеуметтік бастама» аясында шағын несиелуге 20 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 13,9 млрд теңге ауылдағы стартапшылармен бастауыш кәсіпкерлер бастамаларын қаржыландыруға бағытталды. 2017-2021 жылдар аралығында бағдарлама 135 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды қамтып, оның ішінде кем дегенде 27 мың адам бизнес ашуы керек.  

 Атқарылған іс аз емес. Алда көп бастама бар!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер