«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола кәсіпкерлері АӨК даму бағдарламасын талқылады

2018 жылғы 10 Қыркүйек
- Ақмола облысы
5711 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында  Өңірлік кеңес мүшелері қатысуымен  өңірдің Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы талқыланды.

Естеріңізге салсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы Қазақстанның Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізу бойынша жұмыс атқарды. Еңбек өнімділігін арттыру мен өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемін 5 жыл ішінде кем дегенде 2,5 есе арттыру міндеті қойылды.

 Енді қажетті стандарттарға сәйкес Ақмола облысы бойынша Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын әзірленді. Оның негізгі бағдары мен міндеттері Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдерімен Өңірлік Кәсіпкерлер кеңесінде талқыланды.   

Басқарма жетекішісі Азамат Сағынбаевтың хабарлауынша, аталған бағдарлама өңірдің ерекшелігін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенге жақын инвестициялық бағдарламалар және басқа да бағдарламалармен көзделген міндеттер мен іс-шараларды қамтиды. Бағдарлама мінеттері – АӨК салаларында еңбек өнімділігін арттыру, инвестицияларды тарту, өңделген өнім экспортын арттыру үшін жағдай жасау.

 Бағдарламалар арасында – сүтті және етті мал шаруашылығы, ет бағытындағы құс шаруашылығы, суару, шошқа шаруашылығы, агро кооперация құру, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бар.

Бағдарламалар  копперациясы принципіне негізделген. Мәселен, сүтті және етті мал шаруашылығын шаруа қожалықтары мен бордақылау алаңдары қамтамасыз етіп отыр. 2022 жылы ірі қара мал басын 23 мың басқа жеткізу көзделген, ұйымдастырылған шаруашылықтар арқылы 188 мың тоннадан астам сүт өңделетін болады.

Қолдау шаралар қарастырылған: жер учаскілерін бөлу, мал басын сатып алу, техника мен жабдық сатып алу, жайлымыдар инфрқұрылым құру мақсатында фермерлік қожалықтарына жеңілдікпен несие беру.

 Өсімдік шаруашылығы саласы аясында сапалы тұқымдардың болуы және сатып алынуы, ауыл шаруашылығын дамыту, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін пайдалану, әртараптандыру, техникалық жабдықтар және т.б. көзделген. Қолдау шаралары ішінде: лизингтік пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, алынбақ техниканы инвестициялық субсидиялау, қаржы институттарының қаржыландыруы. Алдағы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасы паркі жоғары деңгейге жетеді деп күтілуде, бұл келесі жылдары нормативтік жаңартудың 4,2%-на жетуге жол ашады.

 Жасалған таныстырылым келген қонақтарға пайдалы болды, бірақ талқылау барысында кәсіпкерлерде әлі де көп сұрақтар бар екені анықталды: өнімдердің жоспарланған кірістілігі (бәсекеге қабілеттілігі), сатылым нарығы, топырақ пен тыңайтқыштарды талдау үшін субсидиялар, еңбек ресурстарын қамтамасыз ету мәселелрі көтерілді. Азамат Сағынбаевтың айтуынша, сұрақтардың толық легі бағдарлама әкімшілеріне жеткізіледі, түскен ұсыныстар мен ескертепелерді негізге ала отырып бағдарлама толығатын болады.

  «Бұл кездесу соңғы басқосу емес. Осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрамыз, олар мемлекеттік орган мен кәсіпкерлер арасындағы тиміді диалог алаңына айналуы керек. Мұндай іс-шаралар жедел ақпарат алып, тараптар арасында жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деді ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер