«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда «Ақмола өнімдері» көрме-жәрмеңкесі өтті

2018 жылғы 28 Шілде
- Ақмола облысы
4205 просмотров

28 шілде күні Көкшетау қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау аясында «Ақмола өнімдері» атты ауқымды өңірлік жәрмеңке өтті. Жәрмеңкені Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігінің атсалысуымен ұйымдастырды.

Көрме-жәрмеңкеге 150-ден астам ақмолалық тауар өндіруші қатысты.

 Алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» байқауына лифт жабдықтарын шығарушы компания – «Sky Express Elevator kz» ЖШС қатысты. Өзінің өнімін «Камаз Инжиниринг» ЖШС, «КАИК» ЖШС, «Вектор» ЖШС көпшіліктің назарына ұсынды.

 Сонымен қатар облыстың барлық өңірінен келген тігіншілер, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары мен құрылыс саласының өкілдері қатысты.

 Жәрмеңкеде сан алуан өнім – ет, сүт, нан мен кондитерлік өнімдер, азық-түлік тауарлары (байқаудың тарихында тұңғыш рет бір мезгілде 5  жұмыртқа өндіруші компания қатысады), халыққа арналған тауарлар, қолданбалы өнер бұйымдары («Палитра Синегорья»), басқа да тауарлар төмен бағалармен халыққа ұсынылды.

Көрме-жәрмеңкеге сонымен қатар «Бастау» түлектері де қатысты. 15 жоба қатысушы жыл бойына бизнес-жоспарларын жүзеге асырып, бүгінде түрлі өнім – ұлттық киім, этно стильдегі бұйымдар мен заттар, қымыз аяқ киім, ойыншықтар, ыдыс пен басқа да заттарды шығарып отыр.  

 Жәрмеңкеде сондай-ақ тегін лоторея да ойнатылды. Сыйлықтар сан түрлі – үйге арналған аудио-видео мен тұрмыстық техника, сыйлық сертификаттар және т.б.

 «Қазақстанның үздік тауар» көрме-байқауы үш аталым «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы, «Халыққа арналған үздік тауар» аталамы, «Үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша өтеді.

Айта кетелік, биыл байқауда өзгеріс бар – жеңімпаздарды дәреже бойынша бөлу (1,2,3 дәреже) алынып тасталды. Енді үш аталымда үш теңдей  жеңімпаз болады. Жеңіске жеткен тауарлар түрлі тауар топтарына жатады екі жағдай да тауарлардың өздеріне ғана тән тұтынушылық қасиеттері ең жоғары деңгейде болады.   

 «Өңірлік байқау тарихында тұңғыш рет ауқымды көрме-жәрмеңке өткізілуде. Оған өңіріміздің 150-ден астам тауар өндірушісі қатысып отыр. Осылайша отандық тауар өндірушілерді нарықта өздерін белсенді таныстырып өнімді алға тартуға ынталандыруды көздеп отырмыз. «Ақмола өнімдері» бұдан былай ол көрмеге қойылған өнімдердің жоғары сапасын бейнелейтін брендтің бір түрі болуы керек. Іс-шара қорытындысы бойынша біз «Ақмола өнімдері» тауар өндірушілерінің катологын шығаруды көздеп отырмыз оған өңір компаниялары кіреді» – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер