«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Франция компаниялары Атыраумен логистика саласында жұмыс істеуге ынталы

2018 жылғы 18 Шілде
- Атырау облысы
6670 просмотров

Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мәлімдеді.

Айта кетелік француз делегациясы Атырау өңіріне екі күнді жұмыс сапарына келді. Осы уақыт ішінде олар өңір басшылығы, екі жоғары оқу орны ректоратымен кездесіп, «Атырау» АЭА» Ұлттық индустриялық мұнай химиялық технопаркі мен «NCOC» кәсіпорын жұмысымен танысты. Жоспарланған іс-шаралар арасында Кәсіпкерлер палатасы жетекшелігімен кездесу де ұйымдастырылған болатын.

Қонақтарды Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов қарсы алды. Оның айтуынша, 2018 жылдың бірінші тоқсанында Атырау облысының Франциямен сыртқы сауда айналымы 850 млн АҚШ доллары құраған. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 27,6%-ға артқан.

   
 «Қазіргі таңда Статистика департаментінің деректері бойынша Атырау облысында француз капиталы қатысуымен жұмыс істеп тұрған 8 кәсіпорын бар. Біздің аймақ пен Франция арасындағы сауда-экономикалық дамудың жоғары әлеуетін ескере отырып, менің ойымша, жуырда бірлескен кәсіпорындар саны айтарлықтай артады», – деді Абдолла Идресов.  

 ӨКП басшысының айтуынша, жергілікті билік өкілдері шетелдік инвесторларға өңірде жаңа кәсіпорын ашу үшін  жағдай жасап отыр. Мәселен, жергілікті атқарушы орган барлық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бар Индустриялық аймақ территориясынан жер учаскілерін мемлекет есебінен беруге дайын.

«Сондай-ақ, АЭА қатысышуларына  «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопарк» арнайы экономикалық аймақтан жалпы көлемі 3,4 мың га жерден жер учаскесін салықтық және басқа жеңілдіктер бойынша беру мүмкіндігі бар», – деді ӨКП басшысы.

Қазіргі таңда АЭА-да 30-дан астам қатысушы тіркелген. Олар корпоративті табыс салығы және жер салығы, мүлік салығы, қосымша құн салығын төлеуден босатылып, жер учаскесі үшін жал құнын төлемейді.

Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ делегациясы өңірдің қонақжайлылығына алғыс білдіріп, бұл олардың Атырау өңіріне келген бірінші сапары екенін айтты.

 «Атырау облысымен экономика және мәдениет тұрғысынан ынтымақтастық құруға қызығушылық танытып отырмыз. Өкінішке қарай, әзірге мідени шара өткізбедік, жуырда бұл олқылықтың орнын толтырамыз. Экономикалық аспектке келер болсақ, 8 кәсіпорын – бұл үлкен көрсеткіш емес, мақсатымыз осы көрсеткішті ұлғайту. Жалпы алғанда Франция Қазақстанның ірі инвесторы болып табылады. Қазіргі таңда біздің кәсіпорындарымыз логистика саласында ынтымақтастық орнатуға ынталы. Бұл салада үлкен әлеует бар, жән ебіз оны максималды пайдалануға тырысамыз. Осы ретте ынтымақтастық екі тарапқа да тиімді болмақ», – деп түйіндеді Елші.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер