«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдер бизнесіндегі кооперация: барлығы ұтыста

2018 жылғы 20 Маусым
4445 просмотров

Іскер әйелдер кеңесінің белсенді жұмысы әйелдер бизнесінің кооперациясына ықпал етеді

Кооперация құра отырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетумен қатар еңбек өнімділігін әлдеқайда жоғарылатуға болады деп есептейді шымкенттік кәсіпкер Алмагүл Айқан.

Оның айтуынша бұл өндірушілерге де, тұтынушыларға да тиімді. «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің Конгресінде аталған процесті дамытудың болашағы жайлы ойды Оңстүтік Қазақстан облысындағы қауымдастық төрайымы ортаға салды.

 «Шымкентте бірыңғай брендке топтасқан бірнеше тігін өндірісі бүгінде өнімді өткізу нарығында ілгерілетуге қатысты жұмысты қолға алған. Бұдан кооператив мүшелерінің барлығы ұтады: анағұрлым бәсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндік пайда болды, барлығы жеке-жке еңбек еткен бұрынғы кезге қарағанда өнім көлемі айтарлықтай үлкен. Кооперация, әсіресе әйелдер бизнесіндегі топтасу – кәсіпкерлікті дамытудағы және жалпы экономикадағы әлеуеті жоғары», – деп атап өтті кәсіпкер.

Алмагүлдің өзі Оңтүстік Қазақстан облысындағы сүт өңдейтін кәсіпорындар қауымдастығын басқарады. Қауымдастық жұмысы жақында ғана тағы бір жетістікке жетті: 35 сүт кәсіпорыны сүт кооперациясын құрды. Бүгінде кәсіпорынның осы саладағы мәселелері де сәтті шешіліп келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер