Тимур Құлыбаев: Ең бастысы – кәсіпкерлердің билікке деген көзқарасы өзгерді
Бизнеспен билік арасындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынасты «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында мәлімдеді.
Бүгінгі Мәжіліс отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 5 жылдық жұмысының нәтижесі баяндалды. Жиынды ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Атамекен»Ұлттық кәчіпкерлер палатсының қысқа мерзімде отандық кәсіпкерліктің дамуы мен мүддесін қорғау бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.
«Бүгiн бiз «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының 5 жылдығына арналған жиын өткiзiп отырмыз. Баршаңыз жақсы бiлесiздер осыдан 5 жыл бұрын бiз кәсiпкерлiктi нығайту үшiн өте маңызды заң жобасын қабылдадық. Оған Мәжiлiс депутаттары, Мәжiлiстiң барлық фракциялары қатысты, үлкен үлес қосты. Әрине, оңай болған жоқ. Себебi, осы ұлттық палатаның маңызын түсiнбегендер де болды. Шынын айту керек, оған сенбегендер де болды. Бiрақ, осы 5 жылдың iшiнде нәтиже өте жақсы болғаннан кейiн бүгiн бүкiл қазақстандықтар атқарылған жұмыстарды жақсы бiледi. Бұл iстер халыққа ақпарат арқылы жеткiзiлiп отыр», – дедi Нығматулин.
Мәжiлiс төрағасының айтуынша, палата көздеген мақсатына жеттi. Ол тек ел iшiнде жетiстiктерге жетiп отырған жоқ. Қазiргi таңда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оны халықаралық деңгейге шығарып отыр.
«Палата бiрiншi кезекте тиiмдi диалог алаңы ретiнде дiттегенiне жеттi. Сондай-ақ, тиiмдi сарапшылық алаң ретiнде танылды. Әрине, бұндай деңгейге жету – палатаның үлкен, жүйелi жұмысының нәтижесi», – дедi Нұрлан Нығматулин.
Осындай өзара тиімді байланыстың орнауына 2015 жылы қабылданған Кәсіпкерлік кодексі септігін тигізіп, аталған құжатқа алғаш рет кәсіпкерлік қызметті реттейтін барлық құқықтық нормалар біріктірілген болатын. Еліміздегі бизнес ахуалдың жақсаруына әсер ететін заңнамалар ішінде Салық кодексі, «Жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс және Кеден кодексті жатқызуға болады. Оларды әзірлеуде депутаттар «Атамекенмен» тығыз қарым-қатынас орнатып, кәсіпкерлік субъектілеріне процедураларды айтарлықтай жеңілдететін түзетулер енгізді.
Мәжіліс төрағасы мемлекеттік функцияларды басекелестік ортаға беру жөнінде сарапшылар тобының жұмысын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен депутаттардың тиімді ынтымақтастығының жақсы үлгісі ретінде атады.
Осы ретте отандық бизнестің түйткілді мәселелері де көтерілді. Оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған несие көздерінің тапшылығы, қызметкерлер біліктілігінің төмендігі, сыртқы нарықтарға шығу және тағы басөа мәселелер қамтылды.
«Оларды шеше отырып, Мемлекет басшысы қойған 2050 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін кемінде 50%-ға жеткізу мақсатына қадам баса аламыз. Президенттің қолдауымен, қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктердің арқасында осы мақсатқа жете алатынымызға сенімдімін», – деді Нұрлан Нығматуллин.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ұлттық палата бизнес пен биліктің арасындағы байланыс алаңы ретінде құрылғанын және осы міндетті сәтті жүзеге асырып отырғанын атап өтті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы бағытта Парламент және Үкіметпен тиімді жұмыс атқарып келеді. Мемлекет басшысының күн сайынғы қолдауы осы байланыс алаңында өзіңді жайлы сезінуге мүмкіндік беруде. Жалпы бизнеске деген көзқарас өзгерді. Мемлекеттік органдардың қарым-қатынасы өзгерді. Ал ең бастысы – бизнес тарпынан да билікке деген қатынасы өзгерді. Бизнес бүгінде өзара байланыс орнату денгейіне дейін котеріле білді. Бұл өзгерген жағдай біз үшін ең маңыздысы», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: