«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі неліктен кәсіпкерлерге қырын қарайды?

2018 жылғы 01 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
12329 просмотров

Бизнес субъектілері мемлекеттік мекеменің тарапыан жасалған әрекет әдейі қолға алынған деп есептейді

Петропавл қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолы бөлімі кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтіруде. Бизнес иелерінің нысандары қалалық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан. Мемлекеттік мекеме тарапынан айтылатын сөз де, іс те түсініксіз. Мамыр айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ешбір ескертусіз, осы бөлімінің төтенше жағдайлар қызметінен келдік деген бейтаныс жандар жазғы кафенің кіреберісін қазып тастаған. Бұл әрекеттің заңсыз деп қабылдануына екі аптадан бері ешқандай жұмыс жүргізілмей жатқаны итермелейді. Оның үстіне бұл жайт саябаққа келген адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті.

«Қазылған жерде жоғары вольты кабельдер мен электр қуатының кабельдері ашық тұр, оның үстіне ешқандай шектеу қойылмаған, ескерту де жазылмаған. Адамдар құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ қасынан өтетін байланыс желілері де зақымдалуы ықтимал. Бірақ сол қазылған жерде ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ. Мұның барлығы да осы аумақтан кәсіпкерлерді алып тастау үшін жасалған деген ойдамыз. Бизнес субъектілері ішкі істер органдарына және Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Туындаған жайтты реттеу және ұсыныс әзірлеу үшін мәселе Кәіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысына шығарылды», – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Асқар Махмет.

Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселе туралы жеке кәсіпкер Георг Карапетяннан естіді. Себебі кәсіпкер жеке бизнесін тоқтатуға мәжбүр болған.

«Қазу жұмыстары ешқандай ескертусіз 22 мамырда сағат 11 мен 12-нің арасында жасалды. Кафетерийге кіретін жолды 15 метр қазып кетті. Брусчатка, кабель, су құбырына зиян келтіріп, кәсіпкердің жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеді. Карапетян келген кезде, жұмысшылар кетіп қалған. Құқық қорғау органдарына жүгіндік. Мұнда ең кемінде заң бұзушылық элементі бар», – деп хабарлады «Карапетян Г.» ЖК өкілі Әміржан Телекеев.

Кәсіпкер атап өткендей, сол күні кафеде қызметкерлер ғана болған, орын алған жағдайды бірден назарға алмаған. Бірақ бейнежазбаға түсірген. Бизнес субъектісі мен оның өкілі құқық қорғау органы тарапынан әлі күнге дейін жауап алмаған. Кәсіпкердің айтуынша бұл іс бір тергеушіден екінші тергеушіге тапсырылып келеді.

Кафенің жолына кедергі келтіргеннен зардап шеккен Карапетян ғана емес. Лилия Агушеваның «Эль Крузо» кафесінің де жолы жабылған.

«16 мамырда кафенің орталық кіреберісінде жүретін жол толықтай қазылды. Тротуар плиткасын ауыстырамыз дегенді айтқан. Бірақ асфальтқа зиян келтіріп тұрып қазылған. Бұл адамдардың жүруін қиындатқан. Енді кафеге мүлдем кіре алмай қалды. Сондықтан есікті басқа жағынан ашуға мәжбүр болдық. Бұл оңайға түспеді, арнайы бригада шақырып жасаттық», – дейді Лилия Агушева.

Бұл екі жерде де жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ешкім жол төсемеген. Іскер әйелдің айтуынша, ол Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен мән-жайды анықтауға тырысқан. Мұндай тапсырма жоғарыдан түскен деген жауап айтылған. «Бұл іске аталған мемлекеттік мекеменің қатысы бар екенін мойындады ма?» деп сұрады Кеңес төрайымы Инесса Қуанова, сұраққа оң жауап берілді.

Мемлекеттік мекеме тарапынан жасалған мұндай әрекеттің себебін «Карапетян Г.» ЖК өкілі Әміржан Телекеев баяндады.

«Бұл жайттың салдарын түсіндіре алатын сияқтымын. Жер қатынастары бөлімі саябақты қайта құрылатынына орай кәсіпкермен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы талап арызын берген. Сотта мекеме жеңіліп, шешім күшіне енді. Сот кафе иесімен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзудың еш негізі жоқ екенін таныды. Сот шешімі заңды күшіне енген соң осындай оқиғалар орын ала бастады. Егер заң  мен сот кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берсе, мұндай шараларды неліктен қолданады? Бұл ұсақ-түйекпен айналысу секілді», – деп атап өтті қорғаушы.

Саябақтың жөндеу жұмыстары басталғанда кәсіпкерлерге ескі саябаққа көшу ұсынылған, бірақ билік тарапын бұл мүмкін емес дегенге көндірген.

«Саябақ алдындағы алаңға жөндеу жұмыстары басталғанда, ескі саябаққа көшу ұсынылды, бірақ кафе бұған кедергі келтірмеді. Себебі кафенің айналасында үш кешенді құрылыс бар, кафе саябақтың орталығына таман орналасқан. Қала басшысымен сөйлескенде ешбір мәселе жоқ дегенге келгенбіз. Басқа кафелерге де қалуға рұқсат етілген. Ескі саябақта зират бар, екіншіден бірнеше зертхана жұмыс істейтін онкология бөлімі, 600 метр жоғарыда күзет аумағы орналасқан. Кейіннен осындай түсініксіз жағдай орын алды. Неліктен екенін түсіне алмай қойдым. Заң жүзінде ала алмаса, осындай қадамға баруды шешкен бе?» – деп шағымданды кәсіпкер.

Кеңес отырысына әкімдік өкілдері қатыспады. Сондықтан кәсіпкерлердің сауалдары жауапсыз. Дегенмен құқық қорғау органдары мен прокуратураға осы мәселені анықтауға тура келеді.

P.S.: Материал дайындалғанша кәсіпкер Георг Карапетянды әкімдікке шақырып, палатаға жүгінгені үшін сөккен. Кафе алдындағы аумақ үлкен етіп қазылды. бірақ полиция қызметкерлері кәсіпкердің тыныштығын бұзғандарға қатысты ешбір шара қолданбаған. Бұл мәселені Өңірлік палата ерекше бақылауға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер