«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еурокодтар міндетті не ерікті шара ма?

2018 жылғы 29 Мамыр
9817 просмотров

Сала мамандары білім бері үдерісіне өздері қатыса алады

Бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің отырысында Еурокодтар мәселесі талқыға салынды. Жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, техникалық реттеу мен метрология комитеттерінің өкілдері, ведомстволық құрылымдардың мамандары қатысты.

 «Ұлт жоспарының 49-қадамына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан толық Еурокодтарға ауысуы керек. Уақыт аз қалды, ал бизнестің еурокодтарға өту бойынша дайындығы алаңдатады. Бұл жиынды уәкілетті органдардан атқарылып жатқан жұмыс барысы жайында, бизнес үшін тартымдылықты білу үшін, мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында ұйымдастырып отырмыз», –  деді Комитет төрағасы Александр Белович.

Қазіргі таңда кәсіпкерлер мамандарды дайындау мәселесіне алаңдаулы. Атап айтқанда, Александр Белович жоғары оқу орындарында мамандарды дайындауда бірыңғай оқу бағдарламасы жоқ екенін тілге тиек етті. Оқыту еліміздің небәрі 4 оқу орнында жүргізіледі. Білім ордаларындағы еуро стандарттарға сәйкес зертханалардың жоқтығы да үлкен мәселе.

«Атамекен» 2017 жылы озық жұмыс істеуге шақырған болатын, яғни – жобалау бойынша мамандарды қайта оқыту ұсынылды. Оқытудан жобалаушылар ғана емес, құрылысшылар, техникалық қадағалау мен инжинирингтік компания өкілдері де өтуі керек», – деді Елдос Рамазанов.

 Комитет мүшесі Сырымғали Ержановтың айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тарапынан сәйкес үйлестіру мен бақылау болмағандықтан осындай мәселе орын алған.

«Біз жоғары оқу орындарымен болып жатқан мәселелерді айтып отырмыз. Оларды қалай шешпекпіз, егер Ұлттық ғылыми кеңес құрамында бірде бір құрылыс саласының маманы болмаса?», – деді « ҚР Индустриялық құрылыс технологиялар» ЗТБ төрағасы Қанапия Нұрбатыров.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Шынар Сүлейменованың айтуынша олар әр пәнді «жекелей» қадағалай алмайды. Бүгінде академиялық «еркіндік» бекітілген, бұл дегеніміз әр жоғары оқу орны жеке оқу бағдарламасы мазмұнының 65%-ын өзі анықтай алады.

«Бұл ретте бизнес-орта мен ЖОО арасында оқу бағдарламалары әзірлеуде, сондай-ақ білім беру үдерісі бойынша тығыз ынтымақтастықтың болуы маңызды. Бизнес өкілдері кәсіпорындар жанынан оқу кафедраларын аша алады немесе білім ордасында дәріс бере алады», – деді Шынар Сүлейменова.

 «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының бас директоры Бегман Құлбаев компаниялардың оқу үдерісіне атсалысуына қатысты өз пікірін білдірді.

«Біз секілді еліміздің бірнеше өңірінде компания бар, шашамен 15 кәсіпорын. Бірақ, өкінішке қарай білім сапасы жайында ештеңе айта алмаймыз. Таңдауды бизнес өзі жасайды», – деді Бегамн Құлбаев.

Александр Беловичтің пікірінше, бизнес енжарлық танытуда: жобалаушылар да, құрылысшылар да жігерсіз, шектеліп қалғаныдарын сезінуде. Барлығы қолайлы уақытты күтіп отыр.

«Еурокодтарды қолдану қажеттілігі жобалауға арналған техникалық талапта қойылады, ал оны сәулетші емес, жоблауыш емес, құрастырушы емес, тапсырыс беруші толтырады. Ол іргесін қалайды. Бірақ бүгінде бірде бір тапсырыс беруші жобалау тапсырмасында жобалау әдісін қолданып отырған жоқ. Демек, бастапқы кезеңде олқылық орын алады, ал оны шешу керек», – деді Мелік Алпысбаев.

Бұған қоса жиын қатысушыларына «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ 15-қабатты көппәтерлі арматура арқылы салынған тұрғын үй негізінде жаңа және ескі жобалау бойынша жүргізген салыстырмалы талдау нәтижесі көрсетілді. Талдауға сәйкес Еурокодтар бойынша жобалау кезінде арматуралауға аз шығын кетеді.

«Еурокодтарды дұрыс пайдалану айтарлықтай экономикалық әсерге әкеледі де құрылыс шығындарын үнемдейге мүмкіндік береді», – деді зертхана жетекшісі Игорь Ицков.

 Нәтижесінде қатысушылардың дауы бір мәселе төңірегінде өрбіді: Еурокодтарды 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізу дұрыс па? 2013 жылғы Техникалық реттеу жүйесін реформалау Тұжырымдамасы, еуропалық нұсқаулықтар,  «Техникалық реттеу туралы» заң ережелері және 49-қадамның нұсқаулығы бар. Алайда бірыңғай түсінік жоқ.  

«Бизнес үшін жауап түсінікті әрі қарапайым болғаны керек: 1,5 жылдан кейін Еурокодтар бойынша жобалау, құрылыс салу, сараптама жүргізу міндетті ме? Бүгінге мәселе біреу-ақ, яғни бұл жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмайды», – деп Елдос Рамазанов сұрақты төтесінен қойды.

Жиында талқылау қыза түсті, нәтижесінде бизнеске жүйелі мәселелер әрі нақты сұрақтар бойынша ресми түсініктеме керек екені анықталды.

 ҚР Инвестициялар және даму министрілігімен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған 2017 жылдың 21 мамырындағы № 264 Құрылыс секторы бойынша нормативтік негізді реформалау тұжырымдамасын түбегейлі қайта қарау керек, ал оны қайта әзірлеу жұмыстарына  ҚР Білім және ғылым министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитетін жұмылдыру керек.

 «Қажеттілік туындаса ортақ егжей-тегжейлі Жол картаны әзірлеп, бекітуге болады», – деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өкілі Тимур Бижанов.

Қатысушылардың пікрінше қазіргі жазбадағы Жоспар жетекші сала – Еурокодтармен құрылыс стандартына көшу бойынша шаралардың бағдары бола алмайды.

Құрылыс секторының нормативтік базасынреформалау тұжырымдамасыніске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Еурокодтар бойынша слайд

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер