«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бауыржан Оразғалиев — «Бастау» жобасының ауқымы кеңейеді

2018 жылғы 05 Сәуір
5174 просмотров

«Атамекен» ҰКП Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында 2017 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын іске асыруда, ол ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қағидаларына, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын қолдауға бағытталған.

Бауыржан Оразғалиев атап өткендей, «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша 2017 жылы мақсатты индикаторлар 100% орындалды.

«2017 жылы 80 ауданда 15 мың адам оқытылды. Оның ішінде 3 314 өз бизнесін ашты және кеңейтті. Жылына 6% жеңілдікті шағын несиелендіру есебінен 2555 жоба ашылды. Кәсіпкерлердің өз қаражаттары есебінен 700-ден астам жоба іске қосылды», — деді Бауыржан Оразғалиев.

Жүзеге асырылған жобалардың 80%-ы — ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Қалғаны — қызмет көрсету, сауда және т.б салалары.

ҰКП өкілінің айтуынша, биыл 30 мың адамды оқыту жоспарланып отыр, олардың кем дегенде 6 мыңы жеке бизнесін ашуы тиіс.

«2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасының таралу аумағы кеңейтіледі. 2017 жылы жоба 14 облыста, 80 ауданда іске асырылды. 2018 жылы жоба 160 ауданда, сондай-ақ моноқалаларда басталады», — деді Б. Оразғалиев.

Курстар топтар ішінде де, жеке түрде де жүргізіледі. Курстардың ұзақтығы — 1 ай. Топтық тәжірибелік сабақтардың жалпы ұзақтығы — 80 сағат. Бизнес-тренер оқытуды білім берудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, интерактивті түрде жүргізеді. Жеке оқыту бизнес-жоспарды дайындауға немесе бизнес-жобаны дамытуға кеңес беруден тұрады, ал жалпы ұзақтығы — бір топқа 120 сағаттан аспайды.

«Биыл біз 160 тренер дайындадық. Олардың барлығы өз ісінің кәсіпқой мамандары. Олардың басым бөлігі бұрын кәсіпкерлікпен айналысқан адамдар, демек олар практикалық та қолдау көрсете алады», — деді Б. Оразғалиев.

Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға ауылдық жерлерде, аудан орталықтарында тұратын тұрғындар, жұмыспен қамту орталығында тіркелгені-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, өз бизнесін ашқысы келетіндер, сондай-ақ өз бизнесін кеңейтуге мүдделі бастаушы кәсіпкерлер қатыса алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер