«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Адам қауіпсіздігі үшін бизнес не істеуге дайын?

2018 жылғы 29 Наурыз
6246 просмотров

Ұлттық палатада қоғамдық жерлердегі қауіпсіздік шаралары талқыға салынды 

«Атамекен» алаңында бейне байланыс арқылы Ұлттық палата ұсынған «Тұтынушылардың құқығын қорғау саласын дамыту арқылы қоғамдық бақылауды күшейту» бастамасына қатысты дөңгелек «Атамекен» ҚР ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталовтың жетекшілігімен өтті. Шараға Қазақстанның ірі сауда–ойын-сауық орталықтарының өкілдері, кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, журналистер, сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті қатысты. Осыған дейін «Атамекен» қоғамдық бақылауды күшейту туралы бастамасын хабарлаған болатын.

Жиынға қатысушылар апатты жаңдайларды (Кемероводағы оқиға) алдын алу, сонымен қатар көпшілік жиналатын нысандардағы қозғалысты реттеу бойынша шараларды талқылап, ұсыныстарын білдірді.  

 «Кемероводағы апат қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл нағыз трагедия, және біз бәріміз бұдан сабақ алуымыз керек. Бизнес тарапынан алғашқы қозғалыс басталды. Мұндай қайғылы, көп адамның өмірін алып кеткен оқиғалар болмауы керек. Бүгінгі жиын мұндай жағдайды алдын алуда жүйелі әрі жылдам шараларды таңдауға себеп болады», – деді Райымбек Баталов.

Қоғаммен байланыс жоқ

Алдын алу шараларын айта отырып Astana Group Басқарма төрағсы Нұрлан Смағұлов MEGA кешендерінде өзі өткізген тексерулер барысында кемшіліктер анықталған, олар реттеліп жатыр. Тағы бір мәселе – қоғаммен байланыс орнамаған.

Қоғаммен байланыс жоқ. MEGA жанына қоғамдық кеңес құруды шештік. Халықты шақырып, олар кемшілікті айтып отырса дейміз. Мемлекет органдары мен қоғамның талаптары әр түрлі. Тіпті апатты шығу нұсқаулықтар да ескірген. Олар көп жыл бұрын әзірленген болатын. Бүгінде сауда орталықтары өте ауқымды. MEGA Silkway-да нысаннан шығу жоспары белгісі көрінбейді, ал ол құрылыс нормалары және ережелерімен бекітілген. Осы мәселелерді қоғамдық кеңеспен шешкіміз келеді», – деді Нұрлан Смағұлов.

 Осы алдын алу шаралары аясында бизнес батыл қадамға баруға дайын – өз нысандарында тексерулерді өзі тағайындайды. Нұрлан Смағұлов хабарлағандай, Алматы мен Астана қалалары Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментттерімен ірі сауда орындарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу туралы меморандумға қол қою ұсынылған. Спикер қазақстандық бизнеске азаматтық жауапкершілік пен «Атамекен» жанынан құруға болатын қоғамдық кеңес жайында ойлану керек екенін айтты.

Бизнесмен апатты жағдайда адамдар қалай әрекет ету керек екенін білмейтінін тілге тиек етті.

«Жүйелі жұмыс істеу керек. Қажет болса, осы мақсатта алаңдарымызды тегін беруге дайынбыз. Қызметкерлеріміз жұмыс істейтін болады, бірақ бізге мамандар көмегі керек. (...) Бизнес, мемлекеттік органдар мен қоғамның жұмылған, тиянақты жұмысы арқылы ғана мұндай жаңдайларды алдын алуға болады», – деп ұсынды Нұрлан Смағұлов.

Мәселені түбегейлі шешу керек

Барлық ұсыныстар жылы қабылданды, бизнес оларды қолдауға дайын екенін білдірді.

ҚР Еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Рустамбеков айтқан ұсынысы ірі нысандарды жобалау және пайдалануға беруде ескеру керек-ақ.

 «Бүгінде 1500 ұйым жоблауға лицензиялары бар (...). Олардың біліктілігі күмән келтіреді. Лицензияны алу процедурасы оны сатып алумен ғана шектеледі, көрдіңіз бе? Мұнда талаптарды күшейту керек», – деп санайды сарапшы.   

Ірі сауда–ойын сауық орталығының бірінші қабатындағы сауда орындарының жалға алу құны ең қымбат, есесіне тұтынушылар көп келетін ең өтімді жер екенін айтады. Қабат жоғарылаған сайын, жал құны төмендей түседі. Ал балалар ойнайтын орындар, кинотеатрлардың барлығы әдетте жоғары қабаттарда орналасады.

«Ата-ана баласымен жоғары жаққа көтерілгенше түрлі бутиктерді жолшыбай аралап кетеді. Бұл маркетинг. Алайда балаларымыздың қауіпсіздігі үшін көпшілік жиналатын орындарды неғұрлым жерге жақын, 1-қабатта орналастырған абзал. Әрине, бұл бизнеске кедергі болса да, адам өмірін сақтап қалатын шара», – деді Серік Рустамбеков.

Шешім жолы қандай болмақ?

Өз кезегінде Қайрат Мәжібаев қауіпсіздікті қамтамсыз етуде міндетті сақтандыру бойынша өз ұсынысын білдірді  

«Шешім жолы - тұтынушыларға арналған дұрыс бақылау ортаны құру», – деді ҰКП Сауда комитеті төрағасы Қайрат Мәжібаев.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева пікірі бойынша әр нысан түріне қарай қойылатын талап та түрлі болуы керек. Сондықтан барлық сауда орталықтарына бірыңғай талаптарды әзірлеп емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жекелеген талаптар енгізілген жол картасын әзірлеуді жөн санайды.

 «Мәселелерді шешу үшін шаралардың үлкен кешені керек (...) Бизнес өзіне өзін-өзі реттеу машақатын алуға дайын екені түсінікті, алайда теңгерімді сақтау маңызды», – деп санайды Юлия Якупбаева. Оның айтуынша «Атамекенде» сауда орталықтары иелерін сақтандыруды енгізу мәселесін талқылау басталған.

Қоғамдық бақылау орнайды

 

 «Бізге бизнес-қоғамдастықпен, жалпы қоғаммен байланыс орнату маңызды (..) Комитет кез келген алаңда талқылаулар өткізуге дайын»,– деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сәбит Битаев.

Жиынды қорытындылай келе Райымбек Баталов бизнес ҰКП-ның қоғамдық бақылауды күшейту бойынша бастамасын қолдағанын хабарлады.

«Бизнес бұған дайын болуы керек. Тексерулер жемқорлық белгілерін алдын алып, ҰКП, қоғам белсенділері қатысуымен ашық жүргізіледі. Бұл жұмыс «екіжақты жүруі бар жол» болуы керек. Бұл өте маңызды», – деді Райымбек Баталов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер