«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» жер қойнауын пайдаланушылардың барлық сатып алуын бір онлайн-алаңға біріктіруді ұсынды

2018 жылғы 12 Ақпан
- Ақтөбе облысы
6245 просмотров

Ақтөбеде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекс – тың мүмкіндіктер» атты өңіраралық форум өтті

Оның жұмысына ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Инвестициялар және министрлігі Жер қойнауын пайдалау департаментінің директоры Руслан Баймишев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов, Kazenergy қауымдастығы, NADLoK жергілікті қамту үлесін дамыту жөніндегі ұлттық агенттік, Қазақстанның мұнай сервис компанияларының одағы, Қазақстан тау-кен қазу және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ облыстағы ірі жер қойнауын пайдаланушылар қатысты.

Форумға тауар өндірушілер де, тұтынушыларда, яғни мұнай-газ және тау-кен саласы кәсіпорындарының өкілдері де асқан қызығушылық танытты. Форумның бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің нормалары талқыланды. Жаңа заң 2017 жылдың 27 желтоқсанында қабылданды, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

«Бүгін Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодексі таныстырылды. «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауда және өз тауарлары мен қызметін жеткізуге барынша қатыстыруға белсенділік танытты. Жер қойнауын сатып алушылармен сатып алу ережесі дайындалды. Оған бизнес-қоғамдастықтың пікірі ескеріліп, отандық атуар өндірушілер қатыстырылып, жергілікті үлес қамтылу үшін өзгерту енгізіледі. Бұл жағынан тәжірибе бар. Заңнамада мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік сектордың сатып алуында жергілікті қамту үлесін арттыру үшін жасалып жатқан өзгерістер», – деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов.

Форумның екінші жартысында қатысушылар Ақтөбе облысы бойынша және жалпы республикада жер қойнауын пайдаланушы компанияларының тауар, жұмыс пен қызмет сатып ауында жергілікті үлесті қамту көрсеткіштерімен танысты.

«Статистикаға сүйенсек, 2014 жылы жергілікті қамту үлесі 69% болса, 2017 жылы 51%-ға дейін азайған. Өкінішке қарай, жағдай осындай. Бүгінде «Теңізшевройл», «Қарашығанақ», «Қашаған» мұнай-газ жобасының ірі үш компанияның сатып алу үлесі 75%. Жобаны жүзеге асыру барысында бұл көрсеткіш арта түседі. Жақын арада бюджеті кемінде 45 миллиард доллар болатын жобалар жүзеге асырылады немесе жоспарланады. Қазіргі таңда бірнеше келісімшарт ойнатылып отыр. «Теңізшевройл» жобасындағы оның бюджеті 1 млрд доллардан кем емес», – деп хабарлады Қуаныш Бишімов.

«Қазақстанның бір де бір компаниясы үміткер бола алмайтыны түсінікті, себебі банк кепілдігін қамтамасыз ете алмайды. Тәжірибесі жоқ. Энергетика министрлігінің тарапынан шетелдік және отандық компаниялар арасында бірлескен кәсіпорындар мен консорциум құру жұмысы жүргізіліп жатыр. Шетелдік мердігерлер Қазақстан компаниясы төмен баға ұсына алса да, өз компанияларын, тіпті бәсекеге қабілеті төмендерін тартатынын мойындау керек», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.

Тендерлерді әдейі ұтқызбайтыны туралы Ақтөбелік өндірушілер де жасырмады.

«Полиуретанды өнім шығарамыз, кәсіпорындар мен жабдыққа қызмет көрсетуге мамандандық. Былтыр Кәсіпкерлер палатасымен бірге жер қойнауын пайдаланушылармен  ынтымақтастық жобасын дайындауды бастадық. Өкініштісі сол, жұмысқа түрлі кедергі мен тосқауыл қоятын компаниялар бар. Атап айтқанда, «Ақтөбе мыс компаниясы» ешқандай келісімге келгісі келмейді. Тіпті сынақ үшін тегін дайындап беруді ұсындық. «Бізге ештеңе керек емес, ақшамыз жоқ» деген жауапты естідік. Көңіл толмайтын жағдай орын алды. Тілдескілері жоқ», – деп шағымданды «MIAL KZ» ЖШС Михаил Орлиогло.

Тендер кезіндегі қиындықтар жайлы Ақтөбе мұнай жабдығы зауытының бас директоры Гасал Мусин де ой бөлісті.

«Америкалық компаниялар тек Американың үлесі бар стандарттарды көрсетеді. Қытай, әрине, нәтижесінде өнім жеткізу тендерін қытай компаниялары ұтатындай етіп істейді, мысалы қытай фирмасы тендер ережесін бұзып өткізеді, нәтижесінде менің өніміме қарағанда құны бағасы 2,5 есе жоғары болатын қытай компаниясы ұтады. Бұл туралы прокуратураға шағымдандық, Энергетика министрлігіне хат жолдадық. Онда тендер тәртібі бұзылғанын растады. Осымен болды... Біздің қолдан келер шара жоқ», – дейді кәсіпкер.

Ұлттық палатаның өкілі Қуаныш Бишімов Қазақстанға отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі керек екенін атап өтті. Жер қойнауын пайдаланушылардың барлық сатып алуын бір онлайн-алаңға біріктіруді ұсынды.

Мұнымен қоса, еліміздің тауар өндірушілеріне шетелдік компаниялардың тендеріне қатысуды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындауды ұсынып отырған индустиялық сертификат жеңілдетуі қажет.

Егер бұған дейін тауар ғана сертификатталса, қазіргі таңда кәсіпкерлер кәсіпорынның өзін сертификаттауды ұсынып отыр. Индустриялық сертификаттың болуы кәсіпорынның шынымен отандық екенін растайды және Ұлттық палата өкілдерінің айтуынша, ол құжат отандық компаниялардағы сатып алуларда жеңілдік береді.

Форум аясында Қуаныш Бишімов Ақтөбенің ресльбелағаш зауыты, Ақтөбе мұнай-газ зауыты, «Назар трейлер» ЖШС, «Каспий плюс», «Mial KZ» және «Азайа» жауапкрешілігі шектеулі серіктестеріне барды.

«Егер Ақтөбедегі ресльбелағаш зауыты туралы айтсақ, қуатты кәсіпорын, заманауи тәсілдер мен технологияны пайдаланып отыр. Бір орында тұрған жоқ, металл конструкциясының басқа түрлерін өндіруді ойластырып отыр. Ең бастысы зауыт өнімі экспортқа шығарады. Мұның маңыздылығы жоғары. Ақтөбе мұнай-газ зауыты бар екені қуантады. Біз штанг дайындаудың толық технологиялық циклын көрдік. Ақтөбе өндірістік өңір, жер қойнауын пайдаланушылар бар, өнеркәсіптік өндіріс ауқымды, мультикативті тиімділік береді, шағын, орта бизнес шоғырланған. Әрине, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында ашықтық жоқтығы толғандырады. Қазір жер қойнауын сатып алу ережесіне өзгерту енгізілетінін айттық. Оның барынша ашық болғанын қалаймыз», – деп тұжырымдады Қуаныш Бишімов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер