«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық экономикалық комиссия «Атамекеннің» еуразиялық интеграцияның тереңдеуіне қосқан үлесін атады

2018 жылғы 05 Ақпан
3159 просмотров

Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Премьер-министрлерінің қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңес өтті

2018 жылдың 2 ақпанында Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Премьер-министрлерінің қатысуымен өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте Қазақстан бизнесі үшін де, еуразиялық алаңда бизнес мүддесін танытып отырған Ұлттық палата үшін де бірқатар маңызды оқиғалар орын алды.

Ең алдымен Одаққа мүше-мемлекеттердің Үкімет басшылары ЕАЭО-да индентификация құралдарымен тауарларды таңбалау туралы Келісімге қол қойды. Бұл келісім Қазақстан бизнесінің мүддесін көрсетеді және отандық кәсіпкерлерге еуразиялық бірлестік аумағында тауарларды таңбалау мәселесінде тараптардың ұсынатын бастамалары туралы уақытында хабардар болуға мүмкіндік береді. Бүған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП  Қазақстанның бизнесі үшін таңбалауда орын алуы мүмкін шығынды түсіне отырып, Одақтың 5 қатысушысы форматында мүше-мемлекеттердің бастамаларын келісуінің осындай механизмін енгізуде табандылық танытты.

Мұнымен қоса, мүше мемлекеттердің Премьер-министрлері үшінші елден қантты импорттауға қазақстандық жеңілдікті қысқартуға және ЕЭК Алқасының «Новолипецкий металлургический комбинат» КАҚ және «ВИЗ-Сталь» ЖШҚ ресей кәсіпорындарының ЕАЭО жалпы бәсекелестік ережесін бұзғаны туралы Шешімін жоюға қатысты Ресей тарапының бастамалары бойынша Қазақстан бизнесі үшін қандайда бір ауыр шешім қабылдамады.

Жоғарыда аталған мәселелерге қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мүше-мемлекеттерімен бірге жағдайды талдауға және қатысушы елдердің бизнесіне аз жүктемемен шығудың өзара тиімді жолдарын іздеуге  қатысты жұмыс жалғасады.

Үкіметаралық кеңес аясында маңызды оқиғаның бірі Комиссия басшылығының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның қолы қойылған алғыс хат табыстау сәті болды. Хаттағы жолдар ЕАЭО-дағы интеграциялық процесстерді тереңдету бойынша жалпы жұмыстағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің маңыздылығын айқын көрсетеді: «... Еуразиялық экономикалық комиссия қызметіне жәрдемдескені үшін алғыс білдіріп, кәсіби қызметте сәттілік тәлейді және алдағы уақытта да жемісті де өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт артады».

«Атамекен» ҚР ҰКП құрылғалы бері ЕЭК қабылдайтын актілерге талдау жасауға қатысты атқарылған жұмыс, Палатаның отандық бизнестің мүддесі үшін қандайда бір құжатқа толықтай әрі бүге-шігесіне дейін кірісуге дайындығы, Комиссияның барлық алаңына шығуы, Одақ және ЕЭК серіктестерімен өзара іс-қимылда барынша белсенді болуы, сондай-ақ еуразиялық ынтымақтастық пен интеграцияның ауқымдылығына қарамастан қызметкерлердің біліктілігі мен кәсібилігі ескерілмей қалмайтыны сөзсіз.

«Біз әрдайым мүлтіксіз отандық бизнестің мүддесі тұратын нәтижені межелейміз. Қазақстан бизнесі мен жалпы елдің бәсекелестік қабілетінің кепілі болатын отандық кәсіпкерліктің дамуы үшін атқаратын жұмысымыздың маңыздылығын түсіну біздің қызметкерлерімізді ынталандырады. Олардың әрқайсы Отанымыздың патриоты! Біздің еңбегіміз лайықты баға алып, Қазақстан бизнесі мен еуразиялық интеграцияға қажетті пайда келтіргені үшін қуаныштымыз!» – деп атап өтті Палатаның атынан алғыс хатты алған «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

Мұнымен қоса, ЕАЭО-да интеграциялық ынтымақтастық бойынша кедендік әкімшіліктендіру, техникалық реттеу, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалпы нарығы, кедендік-тарифтік реттеу, тауарларды таңбалау, цифрландыру және тағы басқа бағыттарды қамти отыра атқарылатын жұмыстың ауқымдылығын ескеру қажет.

Ұлттық палата Еуразиялық экономикалық комиссияның комитет жанындағы, Жоғары деңгейдегі Жұмыс топтары комитеттерінің барлық деңгейдегі қызметіне қатысады, әр кезеңде отандық кәсіпкерліктің мүддесіне басымдық беріледі.

Сонымен қатар Одақ аясында «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен 2015 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі жұмыс істейді. Бүгінде бизнес тараптарды қызықтыратын мәселені талқылап, зерделеудің тиімді халықаралық алаңына айналды. Іскерлік кеңес ЕАЭО мүше-мемлекеттердің бизнесі үшін жаңа әлеуетті іздеуден талмайды. Іскерлік кеңес базасында еуразиялық интеграция аясында анағұрлым түйткілді мәселелер бойынша Консультативтік Комитеттер құрылып отырғаны осының айқын дәлелі.

Бұған дейін 2017 жылы «Еуразия апталығы» ІІ халықаралық көрме форумы аясында Астанада Палатаның интеграциялық блогы еуразиялық кеңістікте үздік коммуникациялық тәжірибені және интеграциялық құндылықты тарату үшін жарқын идеяларды іздеуге арналған «Еуразиялық коммуникация­ – 2017» байқауында жеңімпаз атанғанын еске салайық. Сол кезде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Кедергілерді алу» аталымы бойынша бірінші орын алып, жүлдегерлер мен жеңімпаздардың қатарына енген еді.

Бүгінде ЕАЭО мүше-мемлекеттерде ұлттық кәсіпкерліктің мүддесін қорғау мен өкілдік етуде, ішкі және сыртқы байланыстағы алаңда көрсете алатын «Атамекен» ҚР ҰКП секілді ұйым жоқ. Тараптардың, Одаққа мүше-мемлекеттердің көптеген пікіріне сүйенсек, Палатаны мысалға ала отырып, бизнесті дамытуда тиімді құрылымы екеніне көз жеткізді, Ұлттық палатаның деңгейі серіктестерге оны үлгі ретінде алуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде жалпы Еуразиялық экономикалық комиссия «Атамекен» ҚР ҰКП-ның Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтастықты дамытуда атқарған еңбегі пен сіңірген үлесін ескерді.

«Палата бизнестің мәселесінде осындай біртұтас тәсілді қолдану жаһандық жағдайда анағұрлым тиімді екеніне, ал ортақ күш жұмсау жақсы нәтижеге шығаратынана көз жеткізді. Ұлттық палата отандық кәсіпкерлікке ғана ашылмаған, әрдайым Одақ бойынша серіктестермен байланыс орнатып, ынтымақтасуға дайын», – деді Дана Жүнісова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер