«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Цифрландыру - экономика дамуының негізгі факторы

2018 жылғы 02 Ақпан
- Алматы қаласы
11890 просмотров

Алматыда сегіз мемлекеттің премьер-министрлері мен ресми өкілдері цифрлау тақырыбын талқылап жатыр

 Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекістан атқарушы билігінің өкілдері, Әзербайжан және Тәжікстаннан келген ресми делегациялар, сонымен қатар халықаралық сарапшылар, ғалымдар, бизнес-құрылымдар мен ірі ІТ-компаниялардың өкілдері Алматыда өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты форумға қатысты.

Арнайы кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылды.

 Елбасының құттықтау сөзін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев оқып берді деп хабарлайды  abctv.kz.

 «Тиімді цифрландыру ұлттық экономикалар мен халықтың әл-ауқаты өсуінің негізгі факторы болып келеді. G2-дің жетекші мемлекеттері және Еуропалық одақ цифрландыру бойынша өз доктриналарын қабылдады. ЕАЭО да 2025 жылға дейін һзінің цифрлық күн тәртібін қабылдады. Осы күн тәртіпті орындауда бүгінгі форумның маңызы жоғары. Ортақ нарық цифрландыру бойынша бірлескен шешімдер мен тәсілдерді қабылдауды талап етеді. Күштерді біріктіру ЕАЭО-ны дамуы және әрбір елдің жекелей жетілуінде синергетикалық тиімділікті береді», – делінген ҚР Президенті форум қатысушыларына арналған алғысөзде.

Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде цифрландыру үдерісіне ауқымды қатысу керек екенін алға тартты.  Оның айтуынша цифрландыруға ауысу сәнге айналуы керек. Қағаз құжаттармен пайдалану – өткен ғасыр.

«Біз алдымызға өр мақсат қойдық – мемлекеттік қызметтің 80%-ын, жылдам Интернетпен ауылдық жердің 43%-ын қамту көзделген, ал 2020 жылға дейін барлық базалық тұрғылықты жерлер кеңжолақты Интернетпен қамтылмақ», – деді Премьер-Министр.

Спикердің айтуынша қазіргі таңда елімізде технологиялық кәсіпкерлікке жағдай жасалуда, Экспо орталығы территориясында ІТ-хаб, «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылған, осы орталықтар арқылы ІТ саласының мамандары, дарындылар тартылатын болады. Спикер сондай-ақ, цифрлық технологиялардың дамуымен қатар киберқауіпсіздікті назарда ұстау керек екенін алға тартты. Мұндай бірыңғай қорғау жүйесі ЕАЭО шеңберінде болуы керек.

«Пойыз әлі жүрген жоқ, ол жаңадан перроннан қозғалды. Ең қуаныштысы біз осы вагонда өз әріптестеріміз бен достарымызды көрдік, біз бірге алға қарай ұмтылып келміз», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Өз кезгінде Ресей Федерациясының үкімет басшысы Дмитрий Медведев әлем мемлекеттері арасында цифрлық теңсіздік дендеп баратынын айтты. Оның пікірнше ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер цифрлық бағытты бірден алып кете алмайды, мүше мемлекеттерге әлемде қарқын алып келе жатқан трендтерге бейімделу қажет.

 «Біз шынымен жылдам қозғалуымыз керек. Бұл айдан анық. Сондықтан біз өзіміздің «бестіктегі» әріптестермен бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылаймыз. Бүгін күшімізді, тауар, адами, технологиялық нарықтарымызды қалай біріктіру керек екенін талқылауымыз керек», – деді спикер.

Айта кетелік, 2017 жылдың қазан айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше-мемлекеттер басышалыры 2025 жалға дейін күн тәртібіндегі цифрландырудың негізгі бағыттарын бекітіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша форум өткізу туралы ұсынысын қолдады. Форумға қатысушылар ІТ саласы бойынша өз жетістіктерімен бөлісті.

Журналистердің берген ақпаратына сәйкес Әзербайжан электронды үкімет инфрақұрылымын дамыту мен онлайн қызмет көрсетуде жақсы көрсеткішке ие. Белорусь Республикасында адами капитал индексі жоғары бағаланған. Қырғызстан 2016 жылдан бастап онлайн қызмет пен адами капитал бойынша көрсеткіштерді жақсартқан.

 Ресей Федерациясы, форумдағы ақпарат бойынша, өз халқына технологиялардың қол жетімділігін қамтамасыз етіп, элеткронды қызмет сервистік көмек бойынша жақсы көрсеткіштерге ие.

Өзбекстанда бірден бірнеше элтекронды платформалар іске қосылған: ашық деректер базасы мен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық базасы, нормативті-құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылау жүйесі. Армения ТМД елдері бойынша LTE желісін іске қосқан тұңғыш мемлекет болып танылды. Ол мобильді кенжолақты қамтудың жоғары деңгейіне ие. Молдова телекоммуникациялар нарығының серпінді әрі бәсекеге қабілетті нарығына ие, ол жоғары жылдамдықтағы Интернет, мобильді қызмет пен технологиялармен сипатталады. Тәжікстан өзінің инфрақұрылым, халықтың білім сапасы, бизнес және инновациялар бойынша көрсеткіштерін жақсартты. Қазақстан цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы бірыңғай электрондық үкімет порталында электронды мемлекеттік қызметтерді енгізе бастаған ТМД елдерінің алғашқысы болды. Қазіргі таңда Қазақстан мемлекеттің цифрлық экономикасын дамытуға негіз әзірледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер