«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Игорь Шацкий: «Дау тез шешіледі деген үміттеміз»

2018 жылғы 29 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
7653 просмотров

Өскемендегі  тасымалдаушыларды тағы бір қуатты құрылым – ҚР Бас Прокуратурасы қолдады. Алайда Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы қандайда бір қорытынды шығару әлі де ерте деп есептейді

Жақын күндері Өскемендегі ірі қоғамдық көлік тасымалдаушы-компания өндірген бірнеше миллиард теңге қосымша салық салу бойынша алғашқы сот тыңдалымы өтеді.

18 қаңтарда облыстық прокуратура Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына салық органдарының актілерін жою туралы талап арызымен жүгінді. Жергілікті деңгейде тасымалдаушыларды облыстық әкімдік пен прокуратура қолдағанына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы бұл іс ұзаққа созылуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Оларды республикалық деңгейде «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Бас Прокуратурасы қорғауға алды!

«Сот органдарынан аталған істі жедел қарауын сұраймыз. Алайда тасымалдаушылардың пайдасына шешілген жағдайда салық комитеті сот шешіміне қарсы шығады деген қауіп бар. Егер мұндай жағдай орын алса, біздің салық органдарының тарапынан тасымалдаушылардың жұмысын  тұрақсыздардыруда қасақана зиян келтіру әрекетін көреміз. Бұл жағдайда осы мәселені тоқтату үшін соңғы шешімді айтатын ШҚО мемлекеттік кірістер департаментінің тиісті қадамын байқамадық. Дегенмен, әділ шешім болады деген үмітіміз бар», – дейді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Айта кетелік,  Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексерулер нәтижесінде Өскемендегі тасымалдаушыларға 4,5 млрд теңге қосымша салық салынған. Алайда Салық кодексінің бұзылды деген бір де бір бабы көрсетілмеген және мүлікке тыйым салынған. Сонымен қатар компанияның шотына тыйым салыну мәселесі де көтерілді, бұл қалада қоғамдық көліктің тоқтап қалу қаупін төндірген еді.

«Осыған ұқсас жағдайда сот ісінде жеңіліп қалған трамвай паркіне қатысты мәселе әлі шешілмеді. Осы жұмыста трамвай паркі туралы ұмытып кеткенімізді қаламаймын. Трамвай паркі 5 жыл бойы тыйым салынған шотпен, мемлекеттік органдардың тарапынан қолдаусыз жұмыс істеп келеді», – деп тұжырымдады Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер