«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бас прокуратура ШҚО тасымалдаушыларын қолдады!

2018 жылғы 29 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
4404 просмотров

Қадағалау органында автокөлік саласында құқықтық реттеу мен салықтық әкімшілендіруді қолданудың бірыңғай тәжірибесінің болмауын айтып отыр

Айта кетелік,  Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексерулер нәтижесінде Өскемен тасымалдаушыларына 4,5 млрд теңге қосымша салық салған, осының нәтижесінде қалада қоғамдық көліктің тоқтап қалуы қаупі төнді.

 Кәсіпкерлер көмек сұрап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарласты. ШҚО  Өңірлік кәспікерлер палатасы осы мәселемен Мемлеттік кірістер департаментіне сілтеме жасай отырып, Прокуратура мен мемлекеттік оргнадарға жүгінген.  Аталған мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес отырысында қоғамдық талқыға салынды.

ҚР Бас Прокуратурасы баспасөз қызметі хабарлауынша қала ішіндегі жолаушылар автобус тасымалын ұйымдастыру заңдылығын талдау нәтижесін ҚР Премьер-Министріне жолдай отырып заң бұзушылықты, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қадағалау органына сілтеме жасай отырып. 

«Елімізде автокөлік саласында бірқатар мәселелердің бар екендігі, оның ішінде құқықтық реттеудің жетіспеушілігі, бағдарламалық құжаттың болмауы және салықтық әкімшілендіруде бірыңғай тәжірибенің қолданылатындығы анықталды. Бұл кемшіліктердің салдары бүкіл республика бойынша көлік тасымалымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне әсерін тигізуде», - делінген хабарламада. 

 Бас прокуратураның қадағалау актісінде жолаушылар тасымалының сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тарифтерді қалыптастырудағы ашықтықты қамтамасыз ету, адал бәсекелестік және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында көлік қызметтерін дамыту үшін кешенді шараларды қабылдау ұсынылды. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер