«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер палатасы нағыз саяхатшылардың басын қосты

2018 жылғы 16 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
6205 просмотров

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы қала тұрғындарына арнап саяхатшылардың бейресми форумын ұйымдастырды

Бұл бастаманы адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Нұрбек Айтбаев ұсынып, қызығушылық танытқан тұрғындардың басын қосты. Форумға кәсіби саяхатшылар, туристік фотографтар, туризм тақырыбында жазатын блогерлер, туристік компаниялардың өкілдері мен серуендік демалысты ұнататындар қатысты. Форумның мақсаты – саяхатшылардың мысалдары арқылы қызғушылықты арттырып, құлшындыру, шынайы оқиғаларды тыңдап ел көріп, жер тануға деген ынтаны ояту.

Форумға келген қонақтар саяхатта қаражатты үнемдеуді, көптеген жандардың хоббиіне айналған істе қалай пайда табу керектігін, жолсапарға грантты қалай ұтып алуға болатыны жайлы баянадады. Тиімді де пайдалы іс арқылы пайым-парасатты арттыру туралы ақпарат берілді.

Танымал саяхатщы Сергей Клименко қатысушылар назарына фото және видео түсірілімі арқылы саяхат тарихы жайлы әңгімеледі. Тұрмыс, мәдениет пен табиғит көрінісі, түрлі елдердің халқы қалай өмір сүретіні де баяндалды. Оның фильмдерін тамашалай отырып, сол бір жұмбақ әлемге еніп, атмосферасын сезіне алды. Сергей атап өткендей, кез келген саяхат – онсыз елестету мүмкін емес дүниелердің жиынтығы. Әркімде ол әрқалай болады.

«Ең маңызды нәрсе – бұл төлқұжат. Қалғанының барлығы да адамның қызығушылығына қарай болады, мысалы маған бейнекамера керек. Оны әрдайым алып жүремін. Біреу шахмат алатын шығар, ал енді бірі шаңғы. Жалпы саяхаттап тұру керек. Тың сезім, жаңа кездесуден әсер алу керек. Өзгеріс өте маңызды», - деп атап өтті спикер.

Мұндай айтулы шара ағайынды Синельниктердің қатысуынсіз өтпес еді. Осы өңірдің тумалары Ресейдің еңбек сіңірген саяхатшылары деп саналады. Олардың тізімінде «Мотоциклмен әлемге саяхат», «Үнді мұхиты арқылы қайық марафоны», «Батыс Сахарада 1000 шақырым жаяу жүру» секілді турлар бар. Шабыттанып, ынталанып, жаңа жетістікке қалай жетіу керектігі жайлы Александр Синельник ой бөлісті.

«Әрине, көзқарасты өзгерту керек. Көпвекторлы қарап үйрену керек. Әр қырынан байқаса, сәттілік жақындай түседі. Егер біз таяз ойласақ, ештеңе де болмайды, ал ашық, жігермен қарайтын болсақ, жетістікке жетеміз», - деді саяхатшы Синельник.

Форум барысында турист этикетін сақтау, саяхатта уақыт үнемдеу, қаражат табу мәселелері айтылды. Қандайда бір саланы дамытуды қолға алу үшін мұндай іс-шаралар тұрақты өткізіледі деп жоспарланған.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер