«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қайырбек Сүлейменов: Бас прокуратураның бизнеске деген көзқарасы мен ұстанымы түзелді

2017 жылғы 23 Қараша
7168 просмотров

23 қарашада ҚР Бас прокуратурасында «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау бойынша II форум өтті

Күн тәртібіне 2016 жылдың шілде айында I форумда бекітілген «Жол картасын» жүзеге асыру шаралары қойылды. 114 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспарының орындалуы, кәсіпкерлерге әсер етуі, сондай-ақ келешекте еліміздегі бизнес ахуалды жақсарту бойынша алға қойылған жоспарлар мен міндеттер де баяндалды.

Форумға қатысқан «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменов бүгінгі форум Бас прокуратура мен «Атамекен» ҚР ҰКП Президиум төрағасы  Тимур Құлыбаев кәсіпкерлікті қорғау мәселелеріне байланысты «Жол картасына» қол қою мен қабылдауға арналғандығын хабарлады.

«Жол картасының» жұмысын жүзеге асыруда  «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар кеңесінің алар орны бөлек. Облыс, аудандарда өңірлік кәсіпкерлер палаталары және өңірлердегі кеңестер «Жол картасы» аясында нақты іс-шаралар ұйымдастыруда. Жалпы алғанда бағдарлама бойынша 8 кеңес отырысы өткізілді»,– деді Қайырбек Сүлейменов.

Медициналық техника мен дәрі-дәрмек бойынша мемлекеттік сатып алулар, сыбайлас жемқорлық сынды маңызды мәселелер кеңес отырысында қарастырылады. Нәтижесінде түзетулер мен ұсыныстар Президент әкімшілігіне бағытталып, Денсаулық сақтау министрлігінің сатып алулар бойынша саясатына өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, «Жол картасының» аясында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бойынша мәселелер қозғалды. Үкімет қаулысы мен министрлердің тапсырысына сәйкес 11,5 мың мәселелер заңнамалық түрде шешіліп, қазіргі таңда бұл көрсеткіш он есе қысқарды.

«Қарастырылған іс-шаралардың бірі кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі болып табылады. Көлік тасымал бақылау мәселесі де көтерілді. Яғни, бизнесмендеріміз қызметіндегі пайда болатын барлық мәселелер мен әкімшілік кедергілерді жоюда жұмыс жасаудамыз. Соңғы екі жыл ішінде «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Бас прокуратурасының бірлескен жұмысының нәтижесінде Бас прокуратураның бизнеске деген көзқарасы мен ұстанымы түзелді»,– деп ойымен бөлісті Қайырбек Сүлейменов.

Бас прокуратура маңыздылығы төмен мәселелерді бақылауды жүргізу бойынша жұмысты реттеп, бизнес саласындағы прокуратура тарапынан қадағалау тек Елбасының немесе Бас прокурордың арнайы тапсырмасымен жүргізілетіндігін мәлімдеді. ҚР Бас прокуратурасы Елбасының бизнеске қолдау көрсету мен кәсікерлікпен айналысуға жағдай жасау тапсырмасын орындауда. «Жол картасы» аталған жұмысты жүзеге асырудың жүйелі жоспары болып табылмақ. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер