«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер қойнауын пайдаланушылар әкімшілік жазаға ілікті

2017 жылғы 10 Сәуір
- Жетісу облысы
7654 просмотров

Жұмыс жоспарын асыра орындағаны үшін кәсіпорынды 65 АЕК-кке тең айыппұлға жазалады

Алматы облысының кәсіпкерлері жергілікт атқарушы органдарының әрекеттеріне наразы. Компаниялар қиыршық тас өндіру бойынша жұмыс жоспарын асыра орындағандары үшін айппұл төлеуге мәжбүр. Кәсіпкерлердің айтуынша «Әкімшілік құқықбұзышылық туралы»ҚР Қодексіндегі 365-бап кәсіпкерліктерді банкротқа ұшыратуы мүмкін.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдар мен прокуратура өкілдері қатысуымен өткен кездесуде «Қапшағайхиммонтаж» ЖШС Басқарма Төрағасы Дильмурат Кузиев жалпы жер қойнауын пайдаланушылары мен кәсіпорындар тап болған кедергілер легі жайында айтып берді. «ЖШС-дағы Ұсақтау және сұрыптау кешені 2015 жылдың маусым айынан бастап іске қосылған. Ал 2016 жылы қиыршық тасын өндіру бойынша 24 000 м3 көлемде өнім шығардық, ал жылдық жоспар 10 000 м3-қа тең. Осы уақытқа дейін қиыршық тасты сатудан түскен ақша жұмысшылар жалақасы мен салық төлеуге жұмсалып келді. Қиыршық тастық нарықтағы бағасы тым төмен екені белгілі, біз оны өзіндік құнына жақын мөлшерде сатамыз. Бүгінгі күнде қалыптасқан экономикалық дағдарыста өндірілетін өнім көлемін алдын ала болжау мүмкін емес. Енді осы жоспардан тыс орындау үшін Талдықорған өңірлік Геология және жерқойнауын пайдалану инспекциясы бізді 65 АЕК-ке тең сомада айыптады», – деді Д.Кузиев.

  Заңға сәйкес кәсіпорындар бекітілген өндіру жоспарын өзгерте алмайды. Жоспарды орындамау немесе асыра орындау жағдайында олар болжамды «бұзғандары» үшін әкімшілік жазаға ілінеді. Сондықтан бүгінгі таңда «Әкімшілік құқықбұзышылық туралы»ҚР Қодексіндегі 365-бап жер қойнауын пайдаланушылар үшін кедергі болып отыр.

2016 жылдың қазанында кәсіпорын  Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасына қиыршық тастың жылдық өндіру көлемін 24 000 м3-ға дейін ұлғайту өтінішімен ресми хат жолдаған. Сол уақытта облыс әкімінің орынбасары қатысуымен өткен бір отырыста жағдайды зерттеу үшін өндіріске комиссия жіберіледі деп шешілді. Алайда бұл мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ.

Әкімшілік құқықбұзышылық туралы»ҚР Қодексіндегі 365-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша ережелер бұзылса шағын кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдар 65 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді, орта кәсіпкерлік субъектілері – 100, ірі кәсіпкерліктер 150 АЕК-ке тең айыппұл төлейді делінген.     

Талқылаудан кейін тараптар бұл мәселе бойынша өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.  Көпшіліктің ойынша кәсіпорындар жылдық мөлшерді өздері тағайындауы керек. Жер қойнауын пайдаланудағы жүйелі мәселелрді шешу үшін Алматы облысының жер қойнауын пайдаланушылар қауымдастығы құрылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер