«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордалық «Атамекен» командасы Токиоға барды

2017 жылғы 17 Наурыз
- Қызылорда облысы
7370 просмотров

Естеріңізде болса, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының облыстық білім басқармасымен бірге аймақта Дуальді оқытудың жол картасын жүзеге асырып жатқандығын айтқан болатынбыз.

2016-2017 оқу жылына дуальді оқытудың Жол картасына 22 колледж және 104 кәсіпорын енгізіліп, 27 кәсіптік және техникалық білім мамандықтарынан барлығы 1449 студент дуальдық нысанда оқытылуда. Бұл көрсеткіш облыстағы колледж санының 71 пайызын құрайды. Облыстық білім басқармасының бұйрығымен бұл колледждерге эксперименттік алаң мәртебесі берілді.

Кәсіптік бағдар беру Жол картасы шеңберінде оқушыларға алдын ала кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Білім басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Ішкі саясат басқармасы және «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының Қызылорда филиалы қатысуымен кәсіптік бағдар берудің  бірлескен жұмыс жоспары бекітілді. 

Жоспарға сай Кәсіпкерлер палатасы мектептерде "Кәсіпкерлік негіздері" атты факультативтік сабақты енгізген болатын. Ең алғаш                    № 9 мектеп-лицейде пилоттық режимде енгізілген сабақ нәтижесін беруде. Мектеп оқушылары кәсіпкерлік, экономика саласына қатысты облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың, көрмелердің жеңімпаздары атануда.

Атап айтқанда,  осы мектепте құрылған "Атамекен" командасы Қазақстанның атынан Жапонияда өткен халықаралық «JA Asia Pacific Companiy» байқау-көрмесіне қатысып, жоғары жетістік көрсетіп келді. Біздің оқушыларымыз өздері әзірлеген қолөнер бұйымдарын «JA Asia Pacific Companiy» байқау-көрмесінде сату жағынан жоғары көрсеткіш көрсеткен.

Ақпараттарға сенсек, студенттер мен оқушылар арасында жыл сайын өткізілетін бұл байқау жыл сайын 10 млн.-ға жуық жастың өміріне әсер етіп, кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал етеді екен.

Қызылордалық "Атамекен" командасының халықаралық байқауға қатысуына мүмкіндік беріп, демеушілік жасаған Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелеріне айтар алғысымыз шексіз.

Мұнан өзге, № 9 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Алтынбек Аружан «Экономикадан» республикалық олимпиадада «Үздік менеджер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, жақында осы мектептің "Кәсіпкерлік негіздері" факультативтік сабағына қатысушы оқушылар Астанада өтетін "ЕХРО-2017" көрмесіне шақырту алды.

Осы жерде ерекше атап өткен жөн, Кәсіпкерлер палатасынан әдістемелік көмек ала отырып, оқушыларды жан-жаққа алып шығып жүрген № 9 мектептің ұстазы Шайхисламова Сәуленің еңбегі ерекше.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер