«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алдымызда барлық мүмкіндіктер бар

2017 жылғы 07 Ақпан
- Ақмола облысы
5170 просмотров

Мәжіліс депутаты кәсіпкерлерге бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға жауапкершілікпен қарауға шақырды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында ақмолалық кәсіпкерлермен кездескен «АҚ жол» ҚДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция депутаты Меруерт Қазбекова Елбасы Жолдауын талқылай отырып, бизнес өкілдері  еліміздің үшінші жаңғыруының белсенді қатысушылары бола алатындарын айтты.

«Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдындағы негізгі басымдық ретінде бизнес шығындарын азайту міндеті тұр, әсіресе көлік жән логитсика, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы шығындар күн тәртібінде. Бұл баршаға ортақ өзекті мәселелер. Мен бұл сұрақтарды, әсіресе жер учаскілерін бөлу мәселесін бақылауға аламын деп сенім білдіремін», – деді мәжіліс депутаты. 

Депутат көтерген сұрақтар өзекті. Өңірде белгілі бизнесмендерге жер бөлу мәселесі нағыз мұңға айналды. «МЖК-строй» ЖШС-тың соттасу жұмыстары 10 жылға созылып келеді, осы жылдар аралығында сот органдарымен жолданған арыздарды қанағаттандыру бойынша жүзден астам шешімдер шығарылған.

Сонымен қатар, Меруерт Қазбекова тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тарифтер жүйесі, жалпы тұрғын үй-коммуналдық қызметін назарға алған. Айта кетелік, жуырда Меруерт ханымның тікелей араласуымен ағынды суларды тазарту үшін жергілікті монополистердің кәсіпкерлерге қосымша есепшот ұсыну мәселесі шешілген болатын. Бүгінде аудан прокуратурасының коммуналдық мекеме қызметін қайта қарау жөнінде нұсқамасы бар, онда сонымен қатар ағынды суларды тазарту бойынша талаптарды алып тастау туралы айтылған. 

Меруерт Қазбекова кәсіпкерлерді бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға  жауапкершілікпен қарауға шақырды, әсіресе ұлттық бренд бола алатын аграрлық секторындағы экологиялық таза өнімдердің маңыздылығына тоқталды. 

«Бізді экономиканың жедел технологиялық жаңғыруы күтіп тұр, сондықтан сандық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустриялық әдістерді игеруіміз қажет. Базалық салаларды жоғары технологиялармен қаруландыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады. Басты назарда негізінен ірі бизнес екені  анық. Қолданыстағы жүйелер тұрғысынан қарағанда  ШОБ үшін халықаралық франчайзинг құралдары, қажетті қаржыландыру мен инвестициялау арқылы жүйеге кіру мүмкіндігі бар», – деді депутат. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер