«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Табиғат тартуына – тым қымбат төлем

2016 жылғы 22 Қараша
- Ақмола облысы
7010 просмотров

Жерасты суларынан пайдалы қазбаларды алуға салынатын салық мәселесі туризм мен демалыс саласындағы кәсіпорындар үшін әлі де өзектілігін жоймады

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының салық салу мен кедендік әкімшілендіру заңнамасына кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасын мақұлдағаны мәлім. Оның ішінде шипажайлар мен балалар лагерьлеріне, әлеуметтік нысандарға жерасты суларынан пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салықтың мөлшерін азайту туралы өзгерістер де бар. Бұған Өңірлік палатаның қосқан үлесі елеулі. Биыл Палата сарапшылар пайдалы қазбаларға салынатын салық мәселесін заңнамалық деңгейде шешуге белсене атсалысты, тіпті бұл мәселе Ұлттық кәсіпкерлер палатасының түйткілдер тізіміне де енгізілді.

Алайда күні бүгінгі дейін жерасты суларынан алынатын пайдалы қазбаларға салынатын салық мәселесі туризм мен демалыс кәсіпорындары және т.б. үшін әлі де өзекті.

Биыл 1 қаңтардан бастап жерасты суларынан алынатын пайдалы қазбаларға салынатын салық мөлшері анықталып, ол бір текше метр пайдалы қазбаға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде бекітілген еді. Бұған тек ішімдік және тамақ өндірісіне, алкогольсіз сусындар өндірісіне қолданылатын шаруашылық-ауыз су, жерасты минералды сулар  үшін 1 айлық есептік көрсеткіштің 25%-ын төлейді. Оның үстіне 1 айлық есептік көрсеткіштің 0,3% мөлшері технологиялық және өндірістік қажеттіліктерге қолдану үшін қазылатын пайдалы қазбаларға салынады.

«Қарапайым тілмен айтқанда, көлік жуу қызметіне салынатын салық мөлшері төмендетілмеді, 1 текше метр суға – 1 АЕК. Қарапайым мысал: «Sinooil» ЖШС көлік жуу бойынша қызмет көрсетеді. Жерасты пайдалы қазбаларын тұтыну үшін кәсіпорынға 2015 жылы салынған салық мөлшері – 36861 теңге, биылғы жылдың соңына қарай сондай мөлшерде қолданылған су үшін 2 миллион 730 мың теңге, бұл дегеніңіз алдыңғы салықтан 75 есе артық», – деп түсіндірді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко. 

Бүгінгі таңда өңірдегі 270 жуық кәсіпкер осы мәселені көтеріп отыр. Нақты айтқанда, осындай мәселеге шағым түсірушілердің  ( «ЛОК «Ок Жетпес» АҚ, «КазШпал» АҚ, «Санаторий Щучинский» АҚ, «Береке - Бурабай» ЖШС, «Garex LTD» ЖШС, «Алмаз» шипажайы, Көкшетау қаласындағы  «Мясоперерабатывающий комбинат» ЖШС) ресми салығы 108 миллион 830 мыңға жеткен. 

«Әрине, салық көлемі тым үлкен, бизнестің ары қарай дамуына кедергі, әсіресе, орталық су құбырына қосылмаған кәсіпкерлік субъектілері үшін қиын. Бұның барлығы ақыр соңында өңірдегі туристік саланың дамуына кері есер етеді», – дейді Валентина Геращенко.

Осы мәселені талқылау үшін Өңірлік палата бірнеше кездесу ұйымдастырды. Облыс әкімдігіне, Ұлттық экономика министрлігіне, Қаржы министрлігіне, өзге де ведомстволарға өтініштер жіберді.

Әзірге осы салада еңбек етіп жатқан өңір кәсіпкерлері келесі жылы қабылданатын салық заңнамасы жағдайды түзейді деп үміттенеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер