«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәселенің мәнісі

2016 жылғы 22 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
6026 просмотров

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы облыс кәсіпкерлері арасында дүрбелең тудырды

Әңгіме «Қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы» бұйрық турасында болып отыр.

Кәсіпкерлер СҚО Кәсіпкерлер палатасының Мамлют аудандық филиалына осы мәселеге қатысты сауалдарын жаудырып жатыр. Оларды мазалап отырған мәселелер мынадай: патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер есеп беруге міндетті ме, оны уақытымен өткізбеген жағдайда қандай мөлшерде айыппұл төлеу қарастырылған? 

Олар өздерін алаңдатқан осындай сауалдарға бірден жауап алды. Кәсіпкерлер арасында дүрбелең тудырған бұйрықты арнайы түсіндіру мақсатында, филиалда жеделдетілген дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған жұмыспен қамту орталығы мен аудандық бөлімше өкілдері шақыртылды. Бұйрыққа сай, «экономикалық қызметтің барлық түрін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар», жергілікті құзыретті органдарға қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы екі форматта есеп өткізуге міндетті.

Есеп берудің бірінші форматы түсінікті болғанымен, екіншісіне келгенде көптеген мәселелер туындап отыр. Ал өткізу мерзімі болса 1 қазанда бітеді.

Кәсіпкерлер ашық әңгімелесу нәтижесінде, №2 форматтағы есепті жұмыс берушілер бос немесе жаңа жұмыс орындары ашылған жағдайда ғана өткізуге міндетті екендерін білді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер