«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мердігерлер жайында бірер сөз

2016 жылғы 04 Тамыз
- Ақмола облысы
9365 просмотров

ӨКП-да мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен облыстық кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті құрам мониторингі жөніндегі комиссияның  кезекті отырысы өтті

Жиынға құрылыс компаниялары мен құрылыс саласын бақылаушы мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндірушілер мен жеткізуші компаниялар шақыртылды. Мердігер ұйымдар мен тауар өндірушілер бетпе-бет жүздесті. Қажетті ақпаратты өңірлік Кәсіпкерлер  палатасы директорының орынбасары Фатима Герфанова таныстырып өтті. Оның айтуынша, облыста әлеуметтік сала бойынша 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ережелерге сәйкес, құрылыс кезінде, жоба құны есебінен  жергілікті кәсіпорындардың өнімі мен қызметінің 50%-дан астамын пайдалану керек. Яғни, мемлекеттің қаржысы жұмсалатын құрылыстың барлығы барынша қазақстандық өнімдерден салынуы тиіс. Бүгінгі таңда тапсырыс беруші импорттан бас тартып, отандық өнімнің дамуына үлес қосуы керек. Алайда, іс жүзінде құрылыс ұйымдары мен мердігерлердің көпшілігі әрдайым отандық өнімді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ. Бұған себеп, сметада көрсетілген бағаның  шын мәніндегі бағадан өзгешелігі. Құрылыс фирмаларының ешқайсысы шығынға батқысы келмейді. Мысалы, Көкшетаудағы «ENKI” зауыты өндіретін бір кірпіштің бағасы сметада 35 теңге деп көрсетілген. Алайда 45 теңгеден сатылады. Сол себептен де бір кездері мердігер ұйымдар құрылыс материалдарын шетелден іздеді. Осы мәселеге байланысты кірпіш зауытына икемді баға саясатын жүргізуге, құрылыс компанияларына төлемді кейінге қалдыра отырып өнімін ұсыну мүмкіндігін қарастыруға кеңес берілді.               

Демпингке байланысты «Кокшестройнадзор» ЖШС инженері Галина Байрачная  сауалдарын жолдады. Оның айтуынша, көбінесе тендерге басқа өңірлерден қолжетімді баға ұсынғандар қатысады. Мұндай компаниялар өзінің материалды-техникалық базасы болмаса да, тендерді арзан баға бойынша ұтып алып, кейін жергілікті құрылысшыларды жалдап немесе қаржыландыруды ұлғайтуды сұрайтыны да кездеседі екен. Галина Байрачнаяның сөзін «Аян» ЖШС жетекшісі Шерғали Ожанов та қолдады. Осының кесірінен оның компаниясы соңғы бір жарым жылда ешқандай тендерді ұта алмай келеді.

Осы мәселеле бойынша Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға  енгізу үшін ұсыныстар әзірлейтін болады.

Сондай-ақ, ӨКП сарапшылары әкімшілік кедергілерге қатысты Ақмола облысы бойынша МСҚБ басқармасының құрылыста техникалық бақылау жүргізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулеріне талдау жүргізуге ниеттеніп отыр.  Қажет болған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізбек.

Сонымен қатар, құрылыс материалдарын өндіруші компаниялар мен олар өндіретін өнімдердің барлық түрі мен олардың бағасы туралы толық ақпарат жинауды жоспарлап отыр.

Жиналған ақпарат өндірушілерді, жобалаушыларды, құрылыс компанияларын хабардар ету үшін және өз  жұмыстарында пайдалану үшін  «Атамекен» ҚР ҰКП интернет-ресурсында жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер