«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер мораторий сұрады

2016 жылғы 24 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
10784 просмотров

Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары уақытылы тапсырылмаған электронды шот-фактура үшін айыппұлдық санкцияларға мораторий енгізуді сұрап отыр

Бұл туралы ӨКП-да Мемлекеттік кірістер департаментінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.

Еске салсақ, Қазақстанның ДСҰ-на енуіне байланысты  негізгі шарттар, оның ішінде бірқатар тауарлық ұстанымдар бойынша тарифтік міндеттемелер болып  Алулар тізбесі саналады. Олардың ДСҰ жағдайындағы әкелу ставкасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі аясындағы қолданыстағы кедендік баж салықтарынан төмен  болады.

Еуразиялық одақтың мүше-мемлекеттеріне ДСҰ аясындағы төмендетілген баж салықтары арқылы енгізілген қазақстандық тауарлардың  Одақ елдері тарапынан кері экспортталу қаупін назарға ала отырып, 2015 жылғы 16 қазанда ЕАЭО мемлекет басшылары Қазақстан Республикасының тарифтік міндеттемелерін ДСҰ-на ену шеңберінде имплементациялау жөнінде бірқатар құжаттарға қол қойған.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Алулар тізбесіндегі тауарларды, егер олар төмендетілген баж салықтары бойынша әкелінген жағдайда, Одақтың өзге елдері аумағына шығаруды болдырмау міндеттемесін өз мойнына алған.

Алулар тізбесіне кірген тауарларды ҚР аумағына енгізу Қазақстан аумағынан шығару құқығынсыз ДСҰ мөлшерлемелері арқылы немесе ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері арқылы оларды одан ары Одаққа мүше мемлекеттерде өткізу мақсатында жүзеге асуы тиіс.

Осыған байланысты БҚО Кәсіпкерлер палатасы барлық импорттаушылар мен кәсіпкерлерді Қазақстанға тауарларды 2015 жылғы 1 желтоқсаннан кейін енгізудің іс-қимылдар алгоритмімен таныстыру үшін бірнеше рет СЭҚ қатысушыларынжинап жиын өткізген. Мысалы, ҚР аумағына Алулар тізбесіндегі ДСҰ мөлшерлемелері бойынша әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасынан тыс жатқан елдерге шығарылуға тыйым салынған. ҚР аумағына БКТ мөлшерлемелері арқылы әкелінген тауарлар ЕАЭО кедендік аумағына шығарылған кезде кедендік декларация мен электронды шот-фактуралардың көшірмесімен бірге ұсынылуы тиіс. ҚР өндірілген тауарларды ЕАЭО мүше-мемлекеттеріне шығарылған кезде, егер осы топтағы тауар Алулар тізбесіне енген болса, растау құжаты ретінде СТ-1 формалы тауардың шығу тегі туралы сертификатты көрсету қажет.

2015 жылдан бері Қазақстанда ерікті негізде шот-фактураларды электронды түрдегі үзінді көшірме алу мүмкіндігі пайда болды. ЭШФ үзінді көшірмесі Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жасалады. ЭШФ көшірмелерін жасау үшін ТҚКО-нан egov.kz арқылы электронды сандық қолтаңба алып, ЭШФ АЖ-де тіркелу қажет.

Алайда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап шот-фактуралардың электронды түрдегі үзінді көшірмелеріне кезең-кезеңімен өту міндеттемесі енгізілді. 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік өкілдер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қойма қожайындары электронды шот-фактураның үзінді көшірмесін алуға міндеттелген, ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС барлық төлемшілері электронды шот-фактураның үзінді көшірмесін алуға міндетті.

ӨКП, мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан бірнеше рет жүргізілген ақпараттық шараларға қарамастан, ЭШФ қолдану тәжірибесінде көптеген олқылықтар, кемшін, түсініксіз тұстар анықталған.

«Біз шот-фактуралар көшірмесінің мерзімі 15 күнге үлгермей жатырмыз, себебі салық қызметкерлерінің өзі де осы мерзімде растама бермейді, іс жүзінде ЭШФ салықтың органға түсуі көп уақыт алады, оған бағдарламадағы техникалық олқылықтарын қосыңыз, себебі әрбір бағдарлама жетілдіруді талап етеді ғой», – деді кездесу қатысушыларының атынан сөз сөйлеген «Таис Ком» бас бухгалтері Светлана Борзикова.

Кездесу қатысушылары, сонымен бірге КО елдеріне импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС-нан кейін жасалатын, тапсырмаса салық қызметкерлері есепті растамайтын, 328 есептілік формасын тапсыру талаптарына да наразылықтарын білдірді. «Тауарды сатпай жатып ҚҚС төлеуге ақшаны қайдан алатынымызды айтыңыздаршы?», – деп сұрақ қойды «Руслан» жиһаз салонының бас бухгалтері Анар Шамшетдинова.

ЭШФ күнді белгілеу жөнінде де сұрақтар қойылды, кәсіпкерлер қай күнді қоятынын білмей дал болды: алған кезден бастап па әлде тауар айналымға түскен кезден бастап па? ЭШФ көрсетілген тауар коды турасында да сұрақтар көп болды.

Кездесудегі басты қорытынды ретінде кәсіпкерлердің ЭШФ толтыру кезінде орын алатын еріксіз әрі шарасыз қателер кезінде салынатын айыппұлдық санкцияларға мораторий енгізу туралы өтінішін атауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер