«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үміт Шаяхметова: «Кәсіпкерлер қаржыдан тапшылық көрмеуі керек»

2016 жылғы 17 Маусым
12787 просмотров

«Атамекен» ҰКП III Съезінде «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бизнесті қаржыландырудың проблемалары жайлы айтып берді

Оның айтуынша, кәсіпкерлерді қаржыландыруға байланысты қиындықтар өткен жылдың ортасынан бастап пайда болды.

«Банктер өткен жылдың үшінші тоқсанында бизнесті қаржыландыруды тоқтатқан кезде көптеген кәсіпкерлер өте күрделі жағдайға тап болды. Теңгенің құнсызданғаны аздай, депозиттер теңгеден долларға аударылып,  банк секторының активтері долларизацияланды. Ақыры банктер несиелендіруді тоқтатуға мәжүр болды, мөлшерлемелер өсті, сөйтіп кәсіпкерлер «қайшылыққа» тап болып, экономикалық өсім, тұрғындардың төлем қабілеті, сатудың төмендеуі, және ең бастысы, оларды қаржыландыру шектелді», – деп түсіндірді Үміт Шаяхметова.

Халық банкінің басшысы, БЖЗҚ қаражатын пайдалану жайлы ұсыныстар жылдың басында-ақ айтылғанын атап өтті, мұнда да шешім қабылдаудың және оны орындаудың дер кезінде жүзеге асуы маңызды болатын. «БЖЗҚ ақшалары жөніндегі шешім Үкімет деңгейінде  қаңтар айында қабылданды, ақпанда Президент ақша ШОБ-ты қолдауға жұмсалуы тиіс екендігін айтты, алайда оны орындау ұзаққа созылды. Сөйтіп, олар жүйеге енді келген кезде, өзінің өзектілігін жоғалтып алды. Олар банктер үшін де тиімді емес, себебі мөлшерлемелер тым жоғары, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін де тиімсіз, өйткені мақұлдануы аса ұзақ», – деді Ү.Шаяхметова.

Кәсіпкерлердің «Даму» бағдарламалары бойынша да сұрақтары аз емес. «Өкінішке орай, «Даму» тарапынан айыппұлдар келетін жағдайлар өте көп. Бұл ретте осы уақытқа дейін «Даму» осы жобалардың бәрін мақұлдаған, тексерулермен келген, есептер де мақұлданды, ал бүгін енді шарттарды өткен шақпен  қайта қарау жүруде, тым үлкен айыппұлдар салынуда. Біз, банктер, бұл айыппұлдарды қарыз алушы клиенттерге көрсетуге мәжбүрміз, арзан ақшаны қайтарып аламыз, оларды қымбаттатып қоямыз, және, тиісінше, өзіміздің қарыз алушыларға жасанды түрде проблема тауып береміз», – деп,  Үміт Шаяхметова мәселенің мәнісін айтты.

«Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы салық тексерулері, жалған кәсіпкерлік тақырыбын да  қозғады, банкирлерге салық органдары тарапынан көптеген талаптар келетінін атап айтты. «Бұл ретте, шынымен де, қызметтер тежеледі, есепшоттарға тыйым салынады, бұл едәуір ұзақ уақытты алады, біз басын ашуға кірісеміз, негіз жоқ болып шығады, ал, соның салдарынан уақыттан ұтыламыз, сатулар кезеңі өтіп кетеді. Оған қоса несиелерге пайыздар қоса есептеледі, соның кесірінен кәсіпорындар үлкен проблемаға тап болады», – деді Үміт Шаяхметова.

Оның пікірінше, тексерулердің санын азайтып, бизнеске қысым жасауды төмендетуге болады. «Біз, банкирлер, өзіміздің қарыз алушыларымыз үшін қатты уайымдаймыз, біз  өзіміз де клиенттеріміздің нарықтық шарттармен қаржыға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болғанына, жұмыс істегеніне және төлеуге қабілетті болуына мүдделіміз, өйткені мұның бәрі біздің активтерімізден көрініс табады», – деп түйіндеді Халық банкінің басшысы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер