«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

3 рет шерт те, керек мәліметті ал!

2016 жылғы 15 Маусым
- Шымкент қаласы
10895 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында батырманы 3 рет басу арқылы қазақстандық тауарлар мен өндірушілер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін жаңа интернет-ресурс таныстырылды

Жобаның жасаушы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарасты «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС атқарушы директоры Асел Оразбекова www.businessreestr.kz жаңа порталын пайдалануды түсіндіру мақсатында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерге арнап семинар-тренинг өткізді.

«Веб-порталда Қазақстанда ресми жұмыс жасайтын барлық кәсіпкерлер туралы мәліметтер бар: олармен байланысу мәліметтері, қызмет түрлері, лицензиялары мен рұқсаттары, ағымдағы мәртебесі (белсенді ме, жұмысы тоқтау сатысында ма әлде тоқтап қалған ба), олар сатып алатын немесе сататын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер. Кез келген кәсіпкер тауарлары, жұмыстары мен қызмет көрсету түрлері, олардың сипаттамалары, бағалары мен жеткізу шарттары туралы толық мәліметтерді жеке кабинетке кіре отырып, тегін орналастыра алады», – дейді Әсел Оразбекова.

Бизнес-тізілімде барлық берілген СT-КZ сертификаттары туралы ақпарат та бар. Бұл отандық та, шетелдік те әлеуетті тапсырыс берушілерге отандық өндірушілер мен олардың тауарларын «бір терезеден» ұсынуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда порталда 400 мың қазақстандық өндірушілер туралы ақпарат бар.

Семинарға қатысқан бизнесмендер интернет-ресурсты пайдаланудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығын атап өтті. Соған қоса ол бірінші басшыларға да, түрлі деңгейдегі менеджерлерге де: сауда-саттық, сатып алулар және жабдықтау жөніндегі мамандарға пайдалы.

Шымкенттегі иілгіш тас шығаратын кәсіпорынның директоры Гүлнар Жолдыбаева өз компаниясын алғашқылардың бірі болып порталға тіркеді және де мұндай ресурс бұрыннан-ақ ашылуы қажет еді деп санайды.

«Осыған дейін клиент іздеу мен компанияны Қазақстан нарығында ілгерілету бойынша өндірушілер мен тауарлар туралы, сатып алулар жоспары туралы онлайн-режимде бір жерден толық ақпарат алуға, әлеуетті жеткізушілер туралы бағалаулармен және өзге де онлайн-сервистермен бөлісуге  мүмкіндік беретін мұндай электронды католог болған емес, – дейді ол. – Мұндай портал тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы жолды қысқартуға мүмкіндік береді».

Әсел Оразбкова онлайн-ресурстың қазіре тестілеу кезеңінде екенін, сондықтан оны жақсартуға байланысты барлық ұсыныстар мен кеңестер жедел түрде қабылданатынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер