«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Чехияға толықтай дерлік мұнай экспортталады

2016 жылғы 04 Мамыр
8384 просмотров

Одан бөлек, Қазақстан Чехияға газ, фосфаттар мен болат тасымалдайды

Қазақстаннан Чехияға тасымалданатын экспорт салалары айтарлықтай біртекті әрі болжамды. Palata.kz тілшісі қойған сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сержан Әбдікәрімов «Қазақстанның Чехиямен сыртқы тауар айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 0,3% болғандығын» атап өтті.

«Қазақстаннан Чехия негізінен, мұнай, газ, фосфаттар мен болат алады, бұл қазақстандық экспорттың 98,5%-на тең», – деп мәлімдеді С.Әбдікәрімов бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Өз кезегінде Чехияның Қазақстанға импортының құрылымы әр алуан.

«Чехияның импорты түрлі құрал-жабдықтардан, жиынтық материалдардан, электротехникалық құрылғылардан, бойлерлерден, фармацевтикалық өнімдерден, сондай-ақ жиһаздардан, әйнектерден, қыш пен халық тұтынатын өзге де тауарлардан құралған», – дейді елші.

Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-саттық мүдделеріне баға бере отырып, Сержан Әбдікәрімов «Чехия Қазақстанды 2009 жылы сауда-саттық жөніндегі әріптестерінің қатарына қосқандығын» айтты. Алайда, бүгінгі таңда екі жақты тауар айналым азайып барады, «2014 жылға қарағанда 2015 жылы көрсеткіштер 35%-ға түскен». Жалпы тауар айналым 666,5 миллион АҚШ долларына тең. С.Әбдікәрімовтің пікірінше, сауда-саттық серпініне негізінен, «энергия тасымалдаушылар мен металл бағасының әлемдік деңгейде түсіп кетуі, сондай-ақ крон мен теңгенің девальвациясы» әсер еткен. Оған қоса, Чехияның Еуроаймаққа кірмегенін атап өткіміз келеді. Онда қолданыста әлі де ұлттық валюталары – чех кронасы жүреді.

Елші келтірген мәліметтер бойынша, 2005-2014 жылдар аралығындағы Қазақстанға тікелей құйылған чех инвестициясының жалпы көлемі 196,2 миллион долларға тең болған. Ал Қазақстанның чех экономикасына салған тікелей инвестициясы осы уақыт аралығында 13,4 миллион долларға жеткен.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер