«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» кореялық инвесторларға кеңес берді

2016 жылғы 08 Сәуір
10237 просмотров

Оңтүстік Кореяның бизнесмендері қазақстандық нысандарды жекешелендіру мүмкіндігіне қызығушылық танытып отыр

Бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Оңтүстік Кореядан келген бизнес-делегацияны қабылдады.

Кездесу мақсаты кореялық тараптың қазақстандық нысандарды жекешелендіруге қатысу әлеуетін талқылау болды. Бизнес-топ Кореядағы ірі банктердің бірі Kookmin Bank-тің қаржылық тобының өкілдерінен құралыпты.

«Атамекен» ҰКП-да өткен кездесуге министрліктегі департаменттер мен ведомстволардың директорларымен қоса, нысандары саудаға қойылған немесе қойылатын ұлттық холдингтерден өкілдер шақыртылған. Кореялық бизнесмендерден келіп түскен сұрақтарды бұл құрылымдарға «Атамекен»  алдын-ала жіберіп қойған еді.

Алғы сөзінде Юлия Якупбаева «Қазақстанда жекешелендіру процессінің белсенді түрде жүріп жатқанын, саудаға қойылатын активтер тізімі анықталатынын» айтты.

«Ірі топтамалар бойынша жобалық кеңселер құрылады, біздің ұсынысымызбен бұл кеңселердің құрамына қор биржаларының және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізіледі», – деді Ю.Якупбаева.

Сонымен қатар, «Атамекеннің» бұл ұсыныспен ғана шектелмегендігі баса айтылды. ҰКП-да жекешелендіруге қатысушы компанияларға қолдау білдіру қызметі мен нысандарды бағалау қызметтерін бойынша бағалы қағаздар нарығының отандық кәсіби қатысушыларын тарту арқылы жүргізу бастамасы көтерілді. «Бұл ұсыныс та Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау тапты», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.

«Бүгінде жеке бизнеспен және бағалы қағаздар нарығы өкілдерімен өзара байланысымыз кеңейді», – деп сөзін жалғады Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары.

Кездесу барысында қонақтар түрлі мәселелер бойынша құзырлы органдардың мамандарынан кеңес алды. Оңтүстік Кореядан келген делегация Қазақстан үкіметінің шетелдік инвесторларды қорғауға қатысты қабылдаған шараларына, ындаландырулар мен жеңілдіктерге ерекше қызығушылық танытты. Бұдан бөлек, жекешелендіруге қатысу ережелеріне қатысты сұрақтар қойылып, жекешелендіруге жататын активтерге аудит жүргізу тәртібі талқыланды. Кореялық әріптестер «жекешелендіру мәселесіне жан-жақты қарауға келгендерін» жасырмады.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер