«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік – мәжбүрлі қаржыландыру емес, бұл өзара серіктестік

2016 жылғы 18 Ақпан
- Ақмола облысы
13097 просмотров

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Жақсы ауданында екі жоба жүзеге асырылады

Бұл балабақша мен спорт кешені. Жобаның инвесторлары – жергілікті кәсіпкерлер және олар мектепке дейінгі мекемені  қайта жобалау, спорт кешенінің құрылысы, құрылғыларды сатып алу жұмыстарының көп бөлігін өз мойнына алып отыр. Жұмыскерлердің еңбекақысын, коммуналдық шығындарын мемлекет аудандық әкімдіктер арқылы төлейтін болады. Қос нысан құрылысының жалпы құны әзірге айтылмады. Бірақ үлкен көлемде болуы мүмкін.

Бұл ақпарат өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директорының жергілікті бизнес-қоғаммен өткен кездесуі барысында айтылды. Айта кетейік, ӨКП «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік» және «Ауылшаруашылық кооперциясы туралы» заңды жүзеге асыру бойынша кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін өңірлерге сапарлар ұйымдастыруда. Бұл бастаманың аясында ақпараттық топ Атбасар және Жақсы аудандарына келді.

Бүгін «МЖС туралы» заңға сәйкес бизнес тек негізгі: денсаулық сақтау, жол құрылысы және білім беру секілді салаларда ғана емес, экономика саласында да өз жобаларын ұсына алады. Мемлекет өз тарапынан МЖС үшін жер телімдерін бөліп, мемлекеттік көмек және төлемдер төлейді. Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, нысандарды қолдану және басқару үшін мемлекеттік жекеменшікке береді. 

«МЖС туралы» заңды дұрыс түсіндіру керек. Өкінішке орай, қоғамда бұл термин туралы теріс пікір бар. МЖС мемлекет пен бизнес арасында серіктестік қарым-қатынас орнататын жүйе екеніне қарамастан, кейбір шенеуніктер құзіретті күш кәсіпкерлерде тиесілі болуы тиіс деп есептейді. Яғни тәжірибе жүзінде жеке инвестор тарапынан белгілі бір жобаны мәжбүрлі қаржыландыру болып көрінуі мүмкін. Тараптық  қатынастар өзара тиімді серіктестік орната алады»,– деді Уәлихан Ғабдуллин.

Талқылау барысында ӨКП директоры кәсіпкерлерге өз мүдделерін қорғауда белсіндірек болуға кеңес берді. «Сіздер пайда қайдан деп үміттеніп отырмай, белсенділік танытыңыздар. Құқықтарыңыз бұзылса айтыңыздар. Бизнестің саласына байланысты көкейтесті мәселелердің реттелуіне өз ұсыныстарыңызды қосыңыздар», – деп қадап айтты ӨКП директоры.

Кездесуге қатысушылар «Ауылшаруашылығы кооперациясы туралы» заңның жүзеге асырылуы туралы сұрастырды. Бүгінде екі тарихи аграрлық аймақтағы  кооперациялық шаралардың жүргізілуі өте маңызды. «Қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайда   ауылшаруашылық қожалықтарын кооперацияларға біріктіру  арқылы олардың қызметтерін тиімді етуге болады. Бұл аграрлық кооперациялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп ӨКП директоры орынбасары Фатима Герфанова айтып өтті.

Кездесу барысында өңірлік палатада субъективті бизнеске қатысты проблемалар қарастыралатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер