«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер заңның жай-жапсарымен танысты

2016 жылғы 15 Ақпан
- Ақмола облысы
7626 просмотров

Палата қызметкерлері заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында өңірлерге жол тартты

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары ұйымдастырған бизнес-кездесудің қатысушыларын алаңдататын  мәселе көп. Айта кетейік, Палата өңір-өңірге барып, заңнамадағы өзгерістерді, әсіресе жаңа «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» және «Ауылшаруашылық кооперациясы туралы» (Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы) заңдарды түсіндіру бастамасын көтерген болатын.

Өткен жылдың аяғында қабылданған заңдар кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ұсынып отырғанын айта кету керек. Жаңа заң бойынша МЖӘ білім беру, денсаулық сақтау секілді базалық салалармен қатар экономиканың барлық салаларында дамуы тиіс. «Меншігінде әлеуметтік нысандары бар (балабақшалар, медициналық мекемелер, т.б.) кәсіпкерлер өз жобаларын жергілікті атқарушы органдарға ұсына алады. Бұған балама ұсыныстар болмаған жағдайда, байқау жарияламай-ақ өзара шартқа отыруға болады», – деді Палатаның экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Фатима Герфанова.

Заңға сәйкес, құны төрт миллион АЕК-ке дейінгі немесе 8,4 миллиард теңгеге тең типтік құжат негізінде жүзеге асатын МЖӘ жобалары бойынша ұйымдастырылатын байқау сараптамасыз және біліктілікті алдын ала арттырмай-ақ өткізіледі. Айта кету керек, «Атамекен» ҚР ҰКП мен өңірлік палаталар алдын ала біліктілікті арттырудан өтпей-ақ жергілікті МЖӘ жобаларына қатысу үшін кәсіпкерлер реестрін құруды жүзеге асыруда. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары аясында аймақтарды дамыту бағдарламаларына жылына саны бестен кем емес жобаны іске асыру көрсеткіші енген. Сонымен бірге, жобаларды даярлауға, байқау ресімдеріне, жобалардың іске асу барысының мониторингін Палатаның қатысуы қарастырылған.

Бүгінгі күні, әсіресе ауыл тұрғындары үшін өзекті болып отырған тағы бір мәселе – ауылшаруашылық кооперациясы. Өңірлік палатаның кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Гүлмира Джазина кооперативті қозғалыстың артықшылықтары туралы айтып өтті. Оның пікірінше,  бірігудің мұндай түрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін одан ары дамудың тиімді механизмі болады және ауылдағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, кооперативтер ауылшаруашылық өнімдерінің ұйымдасқан нарыққа шығуын қамтамасыз етіп, шаруалар кірісін арттырмақ. Кооператив мүшелеріне де тиімді жағдайларда қажетті ресурстар ұсынылып, олардың өндірістік және өзге де шаруашылық істерін қаржыландыруға мүмкіндік беріледі. Айта кету керек, өңірдегі бірқатар сүт өңдеушілерден консорциум құру туралы өтініштер түсіп үлгерген.

Қатысушыларды заңды жүзеге асыру тетіктері, ресімдер мен ұсынылған кепілдіктер, жобаларды қаржыландыру көздері, мемлекеттік қолдау және т.б. мәселелердің егжей-тегжейі қызықтырды. Бұған дейін мұндай кездесулер Зеренді, Сандықтау, Бурабай және Еңбекшілдер секілді бірқатар өңірлерде өткен. Жақын арада ақпараттық топ Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Шортанды және т.б. аудандарға жол тартады деп күтіліп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер