«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бас прокуратура асханалар үшін жалдау ақысы заңсыз көтерілді деп тапты

2016 жылғы 28 Қаңтар
- Алматы қаласы
10969 просмотров

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және ІІД мекемелеріндегі жалдау ақысының бұрын бекітілген мөлшерлемесін қайта қарауға міндетті

Негізсіз түрде көтеріліп кеткен мөлшерлемелер көптеген бизнесмендерді қызметінен бас тартуға мәжбүрлеп отыр. Он еселеп емес, жүз есе көтерілген жалдау ақысы өнімдер калькуляциясына әсерін тигізді. Нәтижесінде мектептегі бір ғана түскі астың құны 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін көтеріліп кетті.

«Атамекен» ҰКП бастапқы кезеңнен-ақ түйткілді шешуге ҚР Бас прокуратурасын тартқан болатын. Ұзақ хат алмасулар мен тексерістерден кейін прокурорлар бұйрықтың экономикалық тұрғыдан қауқарсыздығын әрі мақсатқа сай келмейтінін дәлелдеп шықты. Бас прокуратура бұйрыққа қарсылық білдіріп, Ұлттық экономика министрлігі бұдан былай мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және ІІД мекемелерінде бұрын бекітілген жалдау ақысын қайта қарауға міндетті.         

ҚР Бас прокуроры Андрей Кравченконың ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа жазған ресми хатынан үзінді келтірейік:

«Баяндалғанның негізінде жоғарыда аталған заңды бұзуды жою бойынша шаралар қолдануды ұсынамыз, ол үшін:

- заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте кейін бекітумен Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру қағидасының жаңа жобасы дайындалсын;

- Қағида жобасын дайындауда қоғамдық тамақтану ұйымында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін жалданатын ауданды бірдей есепке алуға қатысты мәселе қаралсын;

- Алматы қаласының әкімдігімен (Қаржы басқармасы) мемлекеттік мекемелердегі асхана жайын жалдау құнын жалгерлердің жағдайын жеңілдететін сәйкес өзгерістерді ескере отырып қайта есептеу туралы мәселе пысықталсын».

Аталмыш хатты қарау және қолданылған шаралар нәтижелері жайлы Бас прокуратураға ақпарат беруді сұраймын» - деп көрсетіліпті қадағалау органының ресми хатында.

«Қағидалар әділетті болуға тиіс, біз бәсекелес нарықта өмір сұріп жатырмыз. Жалдау ақысының мөлшерлемесі де барабар болуға тиіс. Кәсіпкерлер палатасы ретінде қолдан келгенін жасадық және болашақ сараптамаға қатысамыз, бизнес мүддесін қорғаймыз. Біз үшін бұл аса маңызды, себебі мемлекеттік мекемелердегі асханаларды жалдау құнының ұлғаюы ақырында қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтары – балаларға, науқастарға, әскерилер мен медицина қызметкерлеріне, еңбекақысы төмен деңгейдегі бюджет саласының жұмысшыларына соққы болады», - деп мәлімдеді аталмыш тақырыпқа арналған брифингте Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сәтсіз шыққан бұйрық жайлы мәселені бірнеше мәрте көтеріп, министрлікке оның салдары жайлы ақпарат беріп отырды. 2015 жылғы мамыр айынан бері бұл тақырып Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте, қоғамдық тыңдауларда және БАҚ-қа арналған баспасөз конференцияларында қызу талқыланды.

Мемлекеттік мекемелердегі жалдау ақысының мөлшерлемесі ҚР ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы №212 бұйрығымен бекітілген жаңа «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары» енгізілуімен өзгергенін еске саламыз. Кәсіпкерлер бұдан да көбірек төлей алады деп есептеген ҰЭМ мектептер, ауруханалар, әскери бөлімдердегі аудандарды жалға алушы бизнесмендерге кәсіпкерлердің шынайы табысына мүлдем сәйкес келмейтін жаңа шоттар шығарған болатын.   

Түйткіл ең алдымен білім беру мекемелерін жалдаушыларға тиіп, олар қызметін жалғастыра алмады. Ақырында миллиондаған мектеп оқушылары ыстық тамақтан қағылды.

Ауруханалар, емханалар, ІІД мекемелері буфеттері әлі де қиын жағдайда. Олардың көпшілігі жабылып қалды және жалақысы 30-80 мың теңгені құрайтын бюджет саласының мыңдаған жұмыскері арзан бағалы түскі ассыз қалды.  

«Атамекен» ҰКП министрлік қағидаларына қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемелері мен мөлшерлерін төмендету жөнінен түзетулер енгізу қажеттігі жайлы хатты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне өткен жылдың 10 маусымында жіберіп қойғанын атап өту керек. Министрлік бизнес үніне құлақ асып, мөлшерлемені төмендетті. Алайда біршама өзгертілген сомаға да жалдаушылардың шамасы жетпей отыр.

Қалыптасқан жағдайда жалдау ақысының жоғарылығы кәсіпорынның жабылуы, асханалар қызметкерлерін тарату және жұмыссыздар қатарын толықтыру, әлеуметтік шиеленістің өсуі сияқты бірқатар салдарларға алып келуі мүмкін. Сарапшылар пікірінше, Қазақстанда бюджет мекемелерінде тамақтандырумен айналысатын кәсіпкер түр ретінде жойылып кетуі мүмкін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер