«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнай базаларындағы есепке алатын бақылау аспаптары: ақталмаған асығыстық

2015 жылғы 12 Қараша
14800 просмотров

2016 жылғы қаңтар айына қарай жаңа есепке алу бақылау аспаптарына көшу мұнай базалары мен жанармай құю бекеттеріндегі қаржылық ахуалға және өндіруге кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 14 отырысында осы мәселе төңірегінде сөз қозғалды.

Бизнес-қоғамдастықтың ойынша, аталмыш шешімді қабылдау кезіндегі ақталмаған асығыстық отандық мұнай базалары мен жанармай құю бекеттерінің зардап шегуіне алып келуі мүмкін.

«Бірмаша егжей-тегжейлі қарау үшін және есепке алатын бақылау аспаптарының жаңа жүйелеріне көшу үшін уақыт қажет, ал заңнаманың кейбір тармақтары түзетулер мен толықтыруларды қажет етеді, себебі үстіміздегі жылдың жазында енгізілген есепке алатын бақылау аспаптарына қойлатын талаптар негізсіз түрде тым көтеріңкі болып табылады, сәйкесінше, компания үшін айтарлықтай қаржылай шығын әкеледі», - дейді отандық кәсіпкерлер.

Олардың айтуынша, белгіленген күнге қарай (2016 жылғы қаңтар айында) есепке алатын жаңа бақылау аспаптарына көшуді қамтамасыз ету мүмкін емес, оның үстіне бұл мұнай базалары мен жанармай құю бекеттерінің қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Жиналысқа қатысушылар сонымен бірге аталмыш саладағы бизнестің ашықтығы қағидатын толықтай қолдайтындықтарын атап өтті.

Отырыста сонымен қатар тағы бір маңызды мәселе – парниктік газдарды реттеу мәселесі талқыланды. Аталып өткендей, қазірде ҚР Экология кодексінің «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу» 9-1 тарауы жекелеген баптарының әрекетін тоқтату жөнінде жұмыс жүргізілуде. Кәсіпорындардың жобалық өндірістік қуаты бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеу негізінде 2016-2020 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің Ұлттық жоспары дайыналып жатыр.

«Атамекен» ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті отырысының күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды болғанын атап өтейік. Соның ішінде KAZENERGY Х Еурзиялық форумы қорытындылары бойынша есеп, Қазақстандық бұзбай бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы қызметінің есебі тыңдалып, қабылданды.

Сонымен қатар техникалық стандарттардағы мұнай-газ қажеттілігіне кешенді талдау және мұнай-газ өнеркәсібіндегі, соның ішінде Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекет аралық стандарттар, техникалық реттемелердің түйткілді мәселелері қаралды.

KAZENERGY мерейтойлық форумын өткізудегі табысты нәтижелер аталды. Биылғы жылы іс-шараға әлемнің 53 елінен 3230 адам қатысты. Медиялық таратуды 100-ден астам БАҚ ұйымы жүзеге асырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер