«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Адамның жасы іске кедергі болмайды

2015 жылғы 27 Қазан
- Ақмола облысы
10645 просмотров

Бұрын педагогикамен айналысқан жан 2 миллион теңге көлеміндегі грантқа балаларға арналған шағын-орталық ашуды жоспарлап отыр

Фарида Есжанова – Ақмола облысы Степногорск қаласында танымал адам. Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қызмет етіп, бастамашылдығымен, еңбексүйгіштігімен, қоғамдық белсенділігімен жерлестерінің мойындауына ие болды.

Құрметті демалысқа шықннан кейін, бұрынғы педагог өзінің ертеден келе жатқан идеясы – тәулік бойғы балалардың шағын орталығын ашуды жүзеге асыруға бел буады. Консультация сұрап барған жергілікті Кәсіпкерлікті қолдау орталығы толық қолдау көрсетті. Қалада мұндай мектепке дейінгі мекеме жоқтың қасы, балалар бақшасының жетіспеушілігі байқалады.

Бизнесін тіркеуден өткізген Фарида Есжанова сай келетін орын-жай іздей бастайды. Мұндай орын қаланың дәл орталығынан табыла кетті. Тәжірибелі педагог мектепке дейінгі мекемедегі оқытуды күллі әлемде бұрыннан қолданылып келе жатқан Монтессори жүйесімен өткізуді жөн көреді. Ісін бастаушы бизнес-вумен алдымен екі қызметкері – болашақ тәрбиешілерді елордаға оқуға жібереді. Өзі де қарап қалмай, Степногорск қаласы КҚО жанындағы «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқу курсынан өтуге бел буады.

Тамыз айында Орталық консультанттарының ұсынысымен кәсіпкер Омбы қаласында Монтессори технологиясы бойынша жабдық сатып алу үшін гранттық қаржыландыруға өтінім берді. Байқау комиссиясы қыркүйек айында оң қорытынды беріп, екі миллион теңге мөлшеріндегі грантты мақұлдады. Жобаға Өңірлік үйлестіру кеңесінің де оң баға бергенін атап өту керек. Бизнес-вумен жеке қаражатына шағын орталық орын-жайын жөндеуден өткізіп, ұйымдастыру техникасын сатып алды, ал жақында Омбыдан қажет жабдық та жеткізілуге тиіс.

Шағын орталықты 2016 жылғы ақпан айында ашу жоспарланып отыр, алайда қала тұрғындары мұндай хабарды естіп алып, осы бастан өтініш беріп жатыр. Мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемесінде бала оқытуға алпыстан астам өтінім келіп түсіпті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер