«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік орган соңына дейін қарсыласты

2015 жылғы 01 Қазан
- Шымкент қаласы
15760 просмотров

Оңтүстік-қазақстандық кәсіпорын жарты жылдан астам уақыт тоқтап тұрып, мемлекеттік орган келтірген әкімшілік кедергі салдарынан шығын шекті

Кәсіпкерлердің өтініштерінің қалай сарсаңға салынатыны жайлы жалқаулар ғана айтпайтын шығар. Қандай да бір рұқсаттар беру құқығына ие кейбір оңтүстік-қазақстандық шенеуніктер бас тарту үшін кез-келген мүмкіндікке жармасады. Сондай-ақ соңына дейін тұрады. ОҚО бойынша экология департаменті де дәл солай.

Шағыл, суық асфальт және құмды-қиыршық тасты қоспа өндірумен айналысатын «Шымкентгаз ДС» ЖШС ұзақ уақыт бойы атмосфераға шығарындыларға рұқсат ала алмай қойды. Облыстық экология департаментіне бірнеше мәрте жүгіну еш нәтиже бермеді. ЖШС өтініміне қажет құжаттар толығымен тіркелгеніне қарамастан, ведомство қызметкерлері рұқсат беруден бас тарту үшін басты сылтауды тауыпты. Ол, қызметкерлер ойынша, кәсіпорынның қоғамдық тыңдауларды жүргізбегені.

Мәселе кәсіпорынның атмосфераға шығарындыға рұқсат алудың алдында қоршаған орта мен азаматтар денсаулығына тікелей әсерін тигізуі мүмкін жобаларды жүзеге асыру үшін қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті болуында еді. Компания қоғамдық тыңдауларды өткізген, және де ол туралы хабарландыру күні бұрын облыстық газетке шығарылған еді. Оған ОҚО экология департаменті де нақты күні мен өткізу орны жазылған хатпен ертерек хабарландырылып, шақырылған болатын. Компания белгіленген уақытта табиғатты қорғау шаралары бойынша қоғамдық тыңауларды өткізді. Бірақ қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдардан ешкім келген жоқ. ОҚО бойынша Экология департаменті бас маман Т.Жұмабаевтың қоғамдық тыңдаулар уақытында өткізілмегені және оған қатыспағаны туралы қызметтік хатына сілтеме жасай отырып, кәсіпкерден қайтадан қоғамдық тыңдау өткізуді негізсіз талап етеді. Ал қоғамдық таңдау өткізу – аса шығынды іс-шара.

Серіктестік ҚР Энергетика министрлігіне экология департаменті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағыммен жүгінді, бірақ жауап келген жоқ. Кәсіпкерлік субъектісі мұны «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, сонымен қатар ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын дөрекі бұзу деп тапты.

«Шымкентгаз ДС» ОҚО Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына Экология департаменті қызметкерлерінің заңсыз талаптарына қатысты шара қолдану туралы шағым берді. Облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы тексеріс жүргізе отырып, ОҚО бойынша Экология департаменті жұмыскерлерінің қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу туралы талабының заңсыз болып табылатынын анықтап, ОҚО Экология департаменті басшысының бұзуларды жоюын талап етті.

Мемлекеттік орган прокурорлық жауап қату актісін орындамады. Департамент соңына дейін өзін жақтап шығуға шешім қабылдап, «Шымкентгаз ДС» ЖШС мен ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылы әкімдігіне қоғамдық тыңдаулар хаттамасын жарамсыз деп тану туралы сот қуынымын ұсынды. «Шымкентгаз ДС» ЖШС да мемлекеттік орган талабын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қояды. Екі іс те бір азаматтық іске біріктірілді. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары сот отырысына қатысты.

Азаматтық істі қарау нәтижесі бойынша ОҚО бойынша Экология департаментінің қуыным талабынан толығымен бас тартылды да, кәсіпкердің қарсы талабы толық көлемде қанағаттандырылды. ОҚО бойынша Экология департаменті «Шымкентгаз ДС» ЖШС-ға қоршаған ортаға экмиссияға сәйкес рұқсатты берді.

Іс осымен бітті деуге болар еді. Бірақ тіпті осыдан кейін де ОҚО бойынша экология департаменті соттың аталмыш шешіміне апелляциялық шағым берді. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Апелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының шешімін күшінде қалдырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер