«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық режимі бизнесті «көлеңкеге» кетуге мәжбүрлейді

2015 жылғы 18 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
10323 просмотров

Мұндай асығыс шешім қабылдамай тұрып, алдымен мұқият талдау жүргізіп алу қажет.

«ТОСТ +» ЖШС директоры Бақыт Сүлейменов жоспарланып отырған салық ауыртпалығын көбейтуге қатысты осындай ой білдірді.

Ақтөбелік бизнесмендер салық жүктемесін көбейтудің кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізіп, олардың «көлеңкеге» кетуіне және «сұрқай» схемалар бойынша жұмыс жасауына мәжбүрлейтініне сенімді.

«Жүкті асыра тиеген түйенің өркешін шыбықпен түртіп сындыруға болады, дейді ғой. Бұл мәтел аталмыш жағдайға қатысты айтылған деп ойлаймын. Негізгі салық төлеушілер заңды тұлғалар болып табылады. Олардың саны барған сайын азаюда, және де, негізінде, салық ауыртпалығын көтеріп келе жатқан да солар. Мәселен, біздің серіктестікті алайық. Әлеуметтік салық та, зейнетақы аударымдары да, жеке тұлғалардан әрі заңды тұлғалардан табыс салығы да, ҚҚС та осында. Барлық салықтарды тізбелеп шығу оңай емес. Міндетті түрде төлеп отыру керек. Егер бізге еңбекақыдан 5% бен зейнетақы аударымдарын қосатын болса, жағдайымыз қиындай түседі», - деп есептейді Бақыт Сүлейменов.

Ондай жағдайда бизнесменге банкрот қаупі төнеді. Не болмаса кәсіпорындар салықтан жалтару үшін, қолдан келгенін жасайды.

«Бұл жағдайда кәсіпкердің ілмекке түсеп қалу қаупі бар, себебі жұмыскерлердің кез-келгені хабарлап қоюы мүмкін. Нәтижесінде кәсіпкерлерде құқық қорғау органдарына, бақылау инстанцияларына тұрақты тәуелділік те пайда болады. Бүгінде салықтардың толық жиналмауы байқалуда, өйткені салық базасының өзі қысқартылған. Бұрын мұнай сатылымынан көлемді түсімдер болушы еді, қазір жағдай өзгерді. Оған қарамастан, бір салықты алып тастап, екіншісін енгізуге болмайды», - жеп жалғады сөзін ЖШС директоры.

Оның ойынша, бүгінгі таңда Ақтөбеде шамамен отыз сауда үйі бар. Оларда, негізінде, жеңілдетілген режимде жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды.

«Олар әдеттегі салық режимінде жұмыс жасайтын заңды тұлғалармен салыстырғанда аз ғана сома төлейді, сонымен бірге жеке кәсіпкерліктер табысының шамалы екенін ескеру қажет. Сондықтан да, асығыс шешім қабылдамастан бұрын мұқият талдау жүргізу қажет. Бәрінің де жағдайымен санасу керек. Бұл бизнеспен айналысатын адамдарға қатысты. Менің ойымша, бұл жауапсыздық», - деп қорытты Бақыт Сүлейменов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер