«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жау жоқ деме – жар астында

2015 жылғы 16 Қыркүйек
- Ақмола облысы
10194 просмотров

Қызметкердің ұрлығы бизнестің түбіне жете жаздады

Ақмола облысы Жақсын ауданындағы дәріханалардың бірінде орын алған жағдай «Жау жоқ деме – жар астында» деген мақалды еріксіз еске түсіреді.

Бизнес сыртқы факторлардан ғана зардап шекпейтін болып шықты. Ол көбіне ішінде қалыптасатын түйткілдерден зиян көріп жатады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жақсын филиалына шағын ғана дәріхана бизнесі бар Қапиза Жансақалова жүгінді. Кәсіпкер оның алдында түрлі инстанцияларға жүгінгенін бірден нақтылап кетейік: жергілікті АІІБ, прокуратураға барғанмен, онда өтініші қабылданбайды. Бәрібір ұтылып қалатын іс, өзіңіз бірдеңе қып шешіңізге меңзепті. «Ұтылып қалатын істің» мәні қарапайым, және де әдетте мұндай «тұрмыстық» жағдайлар жайлы айтуға болмайды  - қызметкерлердің таза болмауы, басқаша айтқанда, ұрлықшылық.

Бизнесвумен алғаш рет кассадағы жетіспеушілікті байқағанда, абыржып қалады. Біраз ойланып, одан көз жұма салмақшы болады: кімнің басында болмайды дейсің, дегендей. Алайда оқиға бір қайталанады, екі қайталанады, содан соң тіпті жүйеге айналып кетеді. Қапиза Қайыржанқызы бизнесте алғашқы жыл жүрген жоқ, дәріханадағы тауар-материалдық құндылықтарға жауапты тұлғаларды тағайындай отырып, кадрларды іріктеуге де бар жауапкершілігімен келген. Алайда бұл аталмыш жағдайда сақтандыра алмады. Ақыл айту да, адамның ұятын оятатын сөздер де еш нәтиже бермейді: дәріхана қызметкерлері кілтті лақтырып, ештеңені түсіндірместен, жұмыс орындарынан кетіп қалады. 

Дәл сол күні Қапиза Жансақалова өтінішін Кәсіпкерлер палатасының филиалына жолдайды. Филиал сарапшылары жұмыс тобын құрып, оған тәуелсіз сарапшылар кірді: «Урожай» ЖШС, «Бірлік» МЕҰ бухгалтерлері және көрші дүкендердің сатушылары. Екі күн бойы тауарлар мен оның жөнелтпе құжаттарына ревизия жүргізіледі. Нәтижесінде ірі жетіспеушілік, жөнелтпе құжатпен жасалған астыртын әрекеттер, шот-фактураларды қолдан жасау, акциялар бойынша бонустарды иемденіп алу, сонымен қатар өткізілетін тауар бағасын қымбаттату анықталды.

Бұл деректер ресми түрде тіркеліп, комиссия мүшелері ревизия актісін береді. Палата филиалының сарапшылары барлық дәлел базасын даярлауды өз мойындарына алып, қуыным талабын даярлауда көмек көрсетілді. Жақсын АІІБ де кәсіпкердің арызын қабылдады. Іс сотқа жіберіледі.

«Жұмыскерлердің арамзалығы, олардың жазаға тартылмауы — көптеген кәсіпкерлердің түйткілі. Көбінесе жұмыс берушілер істері қаралмайтынына сенімді болып, мұндай жайларды ешкімге жарияламастан, оған көз жұма қарайды. Біз, кәсіпкерлер, нарық жағдайында кез-келген күтпеген жайтқа дайынбыз. Бірақ сатқындықтың ұжым ішінде жасырынуынан, серіктес деп есептегендер теріс айналғанан жаманы жоқ. Палата сарапшыларына көрсеткен жәрдемі үшін және жай ғана адам ретінде ат салысқаны үшін үлкен алғысымды білдіремін», - деп толқыныспен жеткізді ойын Қапиза Жансақалова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер