«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер – бизесмендердің бюрократтармен шайқасу алаңы

2015 жылғы 10 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
15966 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасында жер телімдерін бөлу процесінде кәсіпкерлерде туындайтын түйткілдерге арналған жиналыс өтті.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Талғат Ноғаев атап өткендей, ҚР Жер кодексі нормаларына сәйкес жергілікті атқару органдары бас жоспарлардың бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары, елді мекендердің инженерлік коммуникациялары схемалары жөніндегі ақпаратты жариялап орналастыруға міндетті. Бұл деректер тоқсанына кем дегенде бір рет жаңартылып отыруға тиіс.

Кодексте сонымен қатар жерді пайдалану құқығы берілуіне мүдделі тұлғалардың облыстағы жергілікті атқару органына «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немес халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беретіні көрсетілген.   

Ал бұл норма орындалып жатқан жоқ – өтініштер веб-портал көмегімен де, ХҚКО арқылы да қабылданбайды. Жергілікті атқару органдары сонымен қатар интернет-ресурсқа бос жатқан жер телімдері туралы ақпарат салмайды.

Елді мекен шегінде жатқан және сауда арқылы (байқаулар, аукциондар) құрылысқа арналған жер телімдерін беру туралы норма да «жұмыс жасамайды». Түсініксіз себептермен Маңғыстау облысында бірде-бір аукцион өткізілмеген. 

«Жер телімін алып, жеке бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлер мұндай құқықтан ада. Жергілікті атқару органдарының жер телімдерін сату немесе жалға беру жөніндегі аукционды жүргізбеу себептері түсініксіз болып қала береді. Бұл жеңілдіктер мемлекеттік органдар тарапынан облыстағы кәсіпкерліктің дамуына әкімшілік кедергі жасаудың жарқын мысалы болып табылады», - деп есептейді Талғат Ноғаев.   

Жер ресурстары басқармасы және Қалалық сәулет басқармасынан шақырылған шенеуніктердің ешқайсысының отырысқа қатыспағанын айта кету керек. Бірінші басшылар өздерінің орнына ештеңе шешпейтін кіші буын мамандарын жіберген.

Жер ресурстары басқармасы жер телімдері нарығы туралы материалдарды жариялауға тиіс екендіктері жайлы білмейтін болып шықты.  

«Мен сайтпен айналыспаймын, онымен басқа қызметкер айналысады... Сұрастырайын... Біздің тарапымыздан аудандық филиалдарға тапсырмалар берілетін болады...», - облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Қуаныш Сембевтің айтқаны осы болды.

Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығының өкілі Мұхтар Палуашев қысқа ғана қайырды: «Шынымен де, сайтта ақпарат жоқ. Жариялаймыз да - хабарлаймыз».

Мемлекеттік органдардың басқа да өкілдері анық жауап бере алмады.

Мемлекеттік органдардан келген төрт өкілдің сұрақтарға өте қысқа, түсініксіз жауап қайтарғанын, көбіне Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары берген дәйектерге үнсіз ғана келісіп отыра бергенін айта кету керек.   

«Мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу нәтижесі бойынша хаттама жасалып, басшыларына жіберіледі. Аталмыш қызметтердің халыққа қолжетімді етілуін алға тартатын боламыз. Өкінішке орай, шенеуніктерге қойылған бірде-бір сұраққа анық жауап ала алмадық», - деді Талғат Ноғаев.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің Палатаға көбіне жер құқықтық қарым-қатынастары тұрғысындағы шешілмеген түйткілдермен жүгінетінін атап өтеміз. 2015 жылы берілген кәсіпкерлердің 75 өтініші ішінен 39 өтініш осы саладағы түйткілдерге қатысты.


Ұқсас жаңалықтар:

Жерді жекешелендіру мәселесі
7 Қыркүйек
2015
Қостанай облысы
«Doing Business» мүмкіндіктері
24 Тамыз
2015
Алматы қаласы
Үндемеу ненің белгісі?
24 Тамыз
2015
Қызылорда облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер