«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жақсыдағы кәсіпкер күні

2015 жылғы 02 Шілде
- Ақмола облысы
10845 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Жақсы филиалының сарапшылары Ашық есік күнін ойдағыдай өткізді. Кәсіпкерлерді сондай-ақ жұмыспен қамту орталығы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қабылдады.

Күннің тақырыбы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы болды. Ауданның өтінім беруші бизнесмендері қаржылай қолдау алу және мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарына қызығушылық танытты. Басқа өңірлердегідей ортақ түйткіл бақылау-кассалық машиналар техникалық талаптарын өзгерту және бекіту болды. Жаңа касса аппараттарын сатып алуға кәсіпкерлердің бәрінде бірдей қаражат бола бермейді, сонымен қатар, бірқатар елді мекендерде Интернетке кіруде түйткіл туындап жатады. 1 шілдеден бастап қазақстанда бақылау-кассалық машиналарды қолданудың жаңа тәртібі әрекет ететінін еске саламыз. Нормаға бензин, дизельді отын және алкоголь өнімін көтерме және бөлшек сатушылардың барлығы кіреді. Жаңа аппараттар деректерді Интернет арқылы тіркеу және жіберу функциясына ие болуға тиіс.

Аудандағы 72 кәсіпкер БКМ туралы норманы енгізуді кейінге қалдыруды сұрап ұжымдық хат жазбақшы.

Келушілерді қабылдаумен бірге сервистік қолдау бойынша консультациялар жүргізілді. Бір күн ішінде 20 кәсіпкерге қызмет көрсетіліп, оларға бухгалтерлік қызмет бойынша консультация берілді.

Кәсіпкер Бақыт Күшекпаева өз түйткілінің шешімін тапты.

«Бизнесімнің ерекшеліктері салдарынан жиі-жиі қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарып тұруыма тура келеді. Бизнесім Жаңақима ауылында, ал қоқысты аудан орталығы Жақсы кентіне шығаруым қажет. Онда 45 шақырымда орналасқан полигон бар. Мен үшін бұл шығыны көп іс. Сондықтан да өндіріс қалдықтарын полигоны бар қандай да бір ЖШС-ға шығаруға рұқсат берілсе деймін», - дейді Бақыт Күшекпаева.

Палата сарапшыларымен кездесу барысында бизнесвуменнің қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар екені анықталды, бірақ тұрмыстық қалдықтарды шығаруға шарт жасасуға құқық беретін төлқұжаты жоқ болып шықты. Бақыт Күшекпаеваға қажет құжатты қайдан және қалай алуға болатыны егжей-тегжейлі түсіндірілді. Төлқұжат алған соң кәсіпкердің түйткілі шешімін табады.


Ұқсас жаңалықтар:

Консультанттар халық арасында
29 Шілде
2015
Қостанай облысы
Жұмысшы деген кәсіп бар
26 Мамыр
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер