«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік саласындағы жағдай алаңдатады

2015 жылғы 26 Маусым
10433 просмотров

Абылай Мырзахметов рубль бағамы түскеннен кейін туындаған түйткілдер жайын сөз етті және Ұлттық палатаның оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын жариялады.

ҰКП-да Премьер-министр қатысуымен өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы кеңейтілген отырысы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы  өтті. 

Біріншіден, Абылай Мырзахметов Ресейден келетін импорттың күрт өсуін атады. «Бірінші тоқсан ішінде Ресейден келетін темір жол бойынша импорт 27%-ға өсті, жекелеген жайғасымдар бойынша 80 және 60, 40 пайыздар да кездеседі. Жалпы импорттың өсіп келе жатқаны байқалады», - деді ол.

ҰКП басшысы сонымен қатар Ресейден келетін «сұрқай» импортқа және РФ-ға Қазақстаннан кетіп жатқан капиталдың аса зор көлеміне назаланды. Сонымен, оның айтуынша, қазан айынан бері 2,8 миллиард доллар әкетілген.

Сонымен қатар, Абылай Мырзахметовтың сөзіне сүйенсек, 2014 жылы РФ-ден 79 332 авто (оның ішінде 6 634 ескі) әкелінген. 2015 жылғы 5 ай ішінде 151085 авто (оның ішінде 85 075 ескі) әкелінген.

«ҰКП-да дағдарысқа қарсы штаб құрдық, оған 100-ден астам өтініш түскен. Біз оларды талдаудан өткіздік. Мұнда халі мүшкіл секторлар байқалады: тамақ саласы қатты отырып қалды, құрылыс, машина жасау», - деп атады Абылай Мырзахметов.

Сонымен, Ұлттық палата басшысының айтуынша, 2015 жылдың бірінші тоқсанында «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамындағы өндіру көлемі 38% төмендеген: 33,4 млрд. теңгеден 20,8 млрд. теңгеге дейін. Өндіріс көлемінің төмендеуі басқа да тауар жайғасымдары бойынша да байқалады: жеміс және көкөніс шырындары – 13%, күнбағыс майы – 8%, рапс майы – 17%, маргарин және осыған ұқсас тамаққа пайдаланылатын майлар – 2%, қышқыл сүт өнімдері – 8,1%, өңделген сұйық сүт – 7,1%.  

«ЕАЭО және ДСҰ мүшесі бола отырып, басымдылықты өз ұлттық өндірушілеріне беретіні жайлы ресми түрде жазып отырған Ресей сияқты қимылға баруды ұсынамыз. Егер бұл халықаралық нормаларға қайшы келмейтін болса, осыған ұқсас норма шығару керек. Қазір мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасы Мәжілісте жатыр, депутаттардың қолдау көрсететініне сенімдіміз», - деді ҰКП басшысы.

Ол сонымен қатар біріктірілген бақылау жүйесі мәселесін қозғады. «Тамақ өндірушілердің айтып жүргені – бұл ішкі нарықты контрафактілі өнімнен қорғау. Тұтынушының таңдауы болуға тиіс, бірақ дегенмен де, Ресей мен Украинадан келіп жатқан өнімнің негізінде контрафактілі екенін, қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтінін және тіпті халықтың денсаулығына қауіп төндіретінін байқап отырмыз», - деп атады Абылай Мырзахметов.

Ол өз презентациясында банк саласының түйткілдерін де қозғады. «Мұнда жалпы ссудалық қоржынның өткен жылы 3% қысқарғаны көрінеді. Сонымен бірге, мемлекет қолдауының арқасында болғандықтан, ШОБ және жеке тұлғаларды қаржыландыру өскен (сәйкесінше 16% және 2,6%). Өтімділікке қолжетімділік түйткілдерінің көпшілігі ірі бизнеске тиесілі. Жалпы заңды тұлғаларға қарыздар сомасы 2014 жылғы 1 мамырдан бастап 11,6% немесе 912,6 млрд. теңгеге қысқарған», - деді ҰКП басқарма төрағасы. 

Ұлттық палата басшысы сатып алулар саласындағы кәсіпкерлердің шағымданып жүргенін айтты. «2015 жылғы 5 ай ішінде 200-ден астам өтініш келіп түскен – бұл 2014 жылғымен бірдей. Бақылау органдары тексерістерінің барысында 150% бұзулар расталды», - деді ол.

Сонымен қатар, Абылай Мырзахметов 2007 жылдан бері 24 млрд теңге сомасына берілген, бағам айырмашылығынан көбірек зардап шеккен инвестициялық жобаларды ретроспективті субсидиялау туралы мәселені қарауды ұсынды. Бұл ұсынысты сәл бұрын Ұлттық палата айтып, дауға туындаған болатын. «Қазіргі диспаритет жағдайында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына салмақты қолдау болар еді деп есептейміз. Олар өздерінің өндіріс көлемін өсіру жөнінен қарсы міндеттемелерді мойындарына алуға дайын», - деп қосты ол.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы сонымен қатар әрекеттегі бизнеске қаржылай қолдауды күшейту қажет екенін, сонымен қатар айналымдық капиталды толықтыруға бағытталатын қаржыландыру үлесін арттыру қажеттігін атады. «2015 жылы бөлінетін барлық қаражатты (7 млрд теңге) субсидиялау механизмі бойынша әрекеттегі жобаларды қаржыландыруға жолдау ұсынылады (айналымдық капитал және ашық кредиттік желілерді жалғастыру). Аталмыш шара шамамен 100 млрд теңге сомасына кредиттерді қаржыландыруға мүмкіндік береді», - деп қорытты ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер