«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түйткілді... бизнеске айналдыру!

2015 жылғы 08 Маусым
- Ақмола облысы
13968 просмотров

Моншаның жоқтығы кәсіпкер әйелдің өз бизнесін әртараптандыруына алып келді

Дамса және Научный ауылдарын Ақмола облысы Шортанды ауданында орналасқандықтары ғана біріктірмейді. Аталмыш елді мекендерде қоғамдық монша жоқ. Бұл мәселе кәсіпкер Ирина Жукованың қызығушылығын оятты.

Жергілікті бизнесвумен – пысық жан. Ол алғашқылардың бірі болып сонау 90 жылдардағы алыпсатарлық бизнестен алшақ кеткен еді. Ирина Николаевна аудан аумағында өнеркәсіптік және азық-түліктік дүкендер желісін құрған болатын. Оның үстіне, кәсіпкер елуден астам жерлесін жұмыспен қамтып, қонақ үй сервисін табыспен ұйымдастырады.

Бизнестің жаңа түрін игеру, осылайша Научный мен Дамса ауылдары халқының түйткілін ешу ұсынысы Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Шортанды филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында жасалған еді.

«Бұл ұсынысқа шынымен де қызықтым. Неге ашпасқа? Бұл салада бәсекелес жоқ, оның үстіне, қоғамдық монша қызметтеріне деген сұраныс бар әрі үлкен деуге болады. Сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасы осы істе қолдау көрсететініне уәде беріп отыр», - деді Ирина Жукова.

Шынымен де, Кәсіпкерлер палатасы «тарихи тұрғыдан қалыптасқан жаңа жоба» ретінде қарап отыр және жобаны сүйемелдеу ретінде де, оны қаржыландыру түрінде де қолдауға уәде береді. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен отандық агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау үшін «ALMEX-Baiterek Fund» Тікелей инвестициялар қоры құрылғанын естеріңізге саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер