«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балабақша төңірегіндегі түйткілдер

2015 жылғы 25 Мамыр
13439 просмотров

Тараздық кәсіпкерлер - Құралай Мақатова мен Айнаш Сейітжапарова жылжымайтын мүлік нысандарының нысаналы мақсатын өзгерте алмай жүр. Бизнесвумендердің жеке меншік балабақша ашуға дайын екендігіне қарамастан, Тараз қаласы әкімдігінің жер комиссиясы оларды екі рет қайтарған. Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау үшін Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

«Сағи-Жарқын» ЖШС және «Анниатун» ЖШС өтініштері Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралды.

Құралай Мақатова мен Айнаш Сейітжапарова жағдайы бірдей: екеуі де балабақша ретінде қайта жабдықтап, ашуға болатын жылжымайтын мүлік нысанын сатып алады. Бизнесвумендер сонымен бірге нақты нысаналы мақсаты бар бұрыннан келе жатқан бизнестерін кеңейту үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында кредит алады.

«Шарттық міндеттемелерін орындау үшін кәсіпкерлер жылжымайтын мүлік нысандарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті екі рет береді. Екі жағдайда да Тараз қаласы әкімдігінің жер  комиссиясы бас тарту туралы шешім қабылдайды», - деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Сергей Смирнягин.

«Соңғы рет комиссия бас тартқанда олар көлік қоятын орындардың жоқтығын сылтауратты. Аялдама және көлік қоятын орын болуға тиіс, - деп шағынды «Анниатун» ЖШС директоры Айнаш Сейітжапарова. – Сонымен бірге 2010 жылы қабылданған «Балапан» бағдарламасында жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашу бойынша нұсқаулықтар бар... Онда балабақшаны жеке меншік иеліктегі үйде ғана емес, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарынан ашуға да болатыны анық жазылған».

Палата жер комиссиясының қабылдамауын негізсіз деп есептеп, өтінішті жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартудың заңылығы мен негізділігіне тексеріс жүргізу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін анық бұзу дерегі бойынша прокурорлық жауап қату шарасын қолдану үшін облыс прокуратурасына жолдауға шешім қабылдады.

Кеңес өтінішті сонымен қатар Тараз қаласы әкімінің атына сәйкес шара қолдану үшін жолдауға шешті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер