Алматыда карантин кезінде кәсіпорынға жұмыс істеуге рұқсат алу. Алгоритмі қандай?
Алматыда infoalmaty.kz порталы жұмыс істейді
InfoAlmaty.kz порталы төтенше жағдай кезеңінде Алматы қаласы бойынша қозғалу үшін кәсіпкерлерден өтініш жинау процесін автоматтандыру мақсатында іске қосылды. Бұл өтініштер автоматты түрде жедел штабқа жөнелтіледі, адами фактор нөлге тең, демек тәуекелдер мен қателіктерге де орын жоқ.
Еске салсақ, 6 сәуірде қағаз анықтамалардан бас тартқан соң Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жедел штаб рұқсат етілген салалар, қызмет түрлері, сондай-ақ қала тіршілігіне қажетті кәсіпорындар тізімі негізінде жаңа базаны қалыптастыра бастады. Кәсіпорын жетекшісі өзі тізімн құрап, оны жедел штабқа жіберуі керек болатын, штаб қызметкерлері өтінішті қол режимінде қарайтын. Мақұлдаудан кейін штаб өтініштерді “Сергек” базасына енгізу үшін Полиция департаментіне жіберіп отырған. Бір ғана өтініш үшін 8 сағаттан 1 тәулік уақыт кететін.
Бұл процесті тездету, сондай-ақ қателіктерге орын бермеу үшін infoAlmaty.kz порталы іске қосылды. «Атамекен» ҰКП процестің операторы қызметін атқарады, бірақ қала бойынша қатынауға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешім қабылдауға құзіреті жоқ. Қала бойынша қозғалуға рұқсатты беру жөніндегі шешімдерді Алматы қаласы әкімдігінің жедел штабы қабылдайды және қала әкімшілігі құзыретінде қалады. Осыған байланысты «Атамекен» мамандары кәсіпкерлердің рұқсат беруден бас тарту себептерін түсіндіру бойынша өтініштерін қанағаттандыра алмайды, өйткені бұл шешімдер Ұлттық палатаның құзыретіне кірмейді.
Осы ретте өтінішті толтыру, құжаттарды беру мәселелерімен кәсіпкерлер Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады, төтенше жағдай кезеңінде қала бойынша жүруге қатысты барлық ақпарат ресми телеграмм-каналда жарияланады.
(20.04-не өзекті ақпарат)
Вернуться ко всем вопросам
Связанные вопросы
Біз туралы
Бизнесті қорғау
- Консультациялық-кеңесші органдар
- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңес
- Есептің Бірыңғай күніне бақылау функциялары бар уәкілетті мемлекеттік органдардың баяндамалары
Салалық және аудандық кеңестері
Өңірлік кеңес
- Өңірлік кеңес отырысының хаттамалары
- Өңірлік кеңесінің мақсаттары мен міндеттері
- Ақмола облысының КП Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің құрамы