«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алдар көсеге» жер телімі беріледі

2016 жылғы 02 Желтоқсан
- Ақмола облысы
5170 просмотров

Көкшетаудағы танымал кәсіпкерге жер телімін беру оқиғасы оң шешімін тапты

«Алдар көсе» дәмханасы қалалықтардың сүйікті орны. Қалаға Зеренді ауданынан кірген бойдағы төбешікке орналасқан мейрамханаға, ондағы дәмді әрі қолжетімді шығыс тағамдарынан дәм тату үшін, облыс орталығындағы қонақтардың барлығы келеді. Тіпті астаналықтар да осы жерді ұнатады.

2015 жылы жазғы алаң, балалар алаңқайы мен кірме жолын салу үшін кафе аумағын кеңейту мақсатында кәсіпкер қала әкімдігіне өтініш жазған.

Осы кезден бастан бизнесменнің әлегі басталады. Palata.kz оқырмандарын кәсіпкер мен жергілікті атқарушы орган арасындағы ұзақ уақытқа созылған айтыс-тартыстың мән-жайын айтып, жалықтырмай-ақ қоялық. Олардың барлығы кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінде бар. Бизнесмен тек 2015 жылы ғана жергілікті атқарушы органға, прокуратура мен өзге де инстанцияларға онға жуық сұрау салғанын айта кету керек. Ол сонымен бірге Өңірлік палатаға да жүгінген.

«Бұл деректердің барлығы кәсіпкерге қатысты әкімшілік кедергілер жасалып, «ҚР жер қатынастары туралы» кодекстің №43,44-1 баптарының нормаларында қарастырылған құжаттарды беру бойынша мерзімдер өрескел бұзылғанын дәлелдеп отыр. Жер кодексіне сәйкес, жерді пайдалану құқығын беру бойынша өтініштерді қараудың жалпы мерзімі екі айдан аспауы тиіс. Алайда іс жүзінде бұл мәселе жарты жылдан астам уақытқа созылған. Осы уақыт бойы кәсіпкер айтарлықтай шығынға батқан», – дейді ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенко. 

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар бұл мәселенің шешілуін қолдан келгенше созып баққан. Оған қоса, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері секілді бейінді ведомстволардың қайшылыққа толы іс-әрекеттері де әсер еткен.

Айта кету керек, заңбұзушылықтарды Көкшетау қаласы прокуратурасы да растап отыр. Ол өткен жылдың маусым айында облыстық МСҚБ (Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы) атына тиісті ұйғарым шығарған.

Нәтижесінде Палата сарапшылары әділдікке қол жеткізіп, бизнесменге қажетті жер телімі бөлінді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер