«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерге қаражатын қайтаруға көмектесті

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Ақмола облысы
4633 просмотров

Өңірлік палата филиалының араласуымен Астрахан ауданының кәсіпкері өз қаражатын қайтарып алды

Жаңатұрмыс ауылының фермері Қадылбек Сейітов мал шаруашылығымен айналысады. Ол бірнеше жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасының аясында 5 млн теңге алған. Фермер ол қаражатқа 43 бас ірі қара сатып алады. Бүгінде мал басының саны 90-ға жеткен.

Ол биылғы жылдың маусымында ӨКП-ның Астрахан ауданындағы филиалына өз мәселесімен келіп жүгінеді. Анықталғандай, шаруа өз ісін ашқан күннен бастап салық төлемін дұрыс есептемеген. Осылайша бюджетке сомасы шамамен 250 мың теңгеге тең әлеуметтік аударымдар жасалған.

Жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығы кәсіпкерге есеп жүргізуге, сосын аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына есеп өткізуге көмектесті. Фермердің жеке шотында қате деректер көрсетілгеннен кейін, төленген соманы кері аудару үшін ауданның Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына құжаттар дайындалды.

Жақында кәсіпкердің қазіргі шотына қаражат қайтарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер