«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шенеуніктің шалалығы

2016 жылғы 22 Тамыз
- Ақмола облысы
7239 просмотров

Түрлі өңірлердегі кәсіпкерлер құжаттарды рәсімдеу кезінде проблемаларға әлі де тап болуда

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының Атбасардағы филиалына көмек сұрап Қанат Төлегенов келген. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алу үшін сұралатын мүліктік кепілдемеге қажетті құжаттар пакетін рәсімдеу кезінде кәсіпкердің құжаттарынан құқықтық қайшылықтар анықталған. Нақтырақ айтсақ, сатып алу-сату шартында тұрғын үйлер туралы деректер әртүрлі болып шықты. Оған қоса, бұл көрсеткіштер жылжымайтын мүлікті тіркеу базасына да уақытылы енгізілмеген.

Сонымен бірге, жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат толтыру кезінде қате, жалған деректер енгізілген екен.

Кәсіпкер аталған проблеманы өздігінен шеше алмаған. Палата филиалының сарапшылары шенеуніктерден кеткен барлық қателіктерді тізіп берді. Мұнымен қоймай, Кәсіпкерлікті қолдау орталығының заңгері кәсіпкерді ерте жүріп, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыққа, аудандық әділет басқармасына, Халыққа қызмет көрсету орталығына, Жұмыспен қамту орталығына және осы секілді өзге де тиісті мекемелерге барған.

Бір жұмыс күні ішінде Қанат Төлегенов қажетті құжаттардың өзгерістер енген нұсқасына қол жеткізе алды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Төлегеновтің құжаттарын қабылдаған. Енді қарызды алу ғана қалып тұр.

Жергілікті жерлердегі қағазбастылықпен, мамандардың біліксіздігімен кез келген адам бетпе-бет келуі мүмкін. Өңірлік палата бірнеше жыл ішінде ең күрмеуі қиын дейтін мәселелерді шешу тәжірибесіне ие. Бір өкініштісі, бұл  жағдайлар әлі де жалғасып келеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер