«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарыз алсаң, қайтаруға асық

2016 жылғы 31 Мамыр
- Ақмола облысы
5872 просмотров

ӨКП мен ҰКП-ның Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау жөніндегі кеңесінің сәуір айында бірлесе өткізген отырысы барысында талқыға салынған тағы бір өтініш өңірлік палатаның заңгерлерінің нәтижелі еңбектерінің арқасында өз шешімін тапты

«ТОП ЛТД» ЖШС директоры А.Матвеев жергілікті атқарушы органдардың қызметіне шағым жасады. Оның сөзінше, Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу бойынша келісілген міндеттерін атқармай отыр.

Келісім бойынша мердігерлік ұйымға 2012 жылы облыс орталығында тұрғын үйлерге және аудандарға облыс орталығындағы перспективалы құрылыс алаңдарына 1 291 108 603 теңге көлемінде инженерлік желілер жүргізу міндеттелген.

Мердігер өз шарттарын орындады. Жылу магистралының құрылысы мерзімінде тапсырылды және қазіргі таңда қалалық коммуналдық қазметтердің қолданысына берілді. Сонымен қатар, түзету актісіне сәйкес «ТОП ЛТД» ЖШС және құрылыс бөлімінің арасындағы өзара есеп айырысуы бойынша мемлекеттік басқарманың 2015 жылғы 31 мамырға дейінгі кәсіпкерлік субъектісі алдындағы қарызы 132 миллион теңгені құрап отыр.

«Құрылыс бөлімінің құзыретіндегі міндеттердің бірі ­– Көкшетау қаласының және басқа елді мекендердің ведомстволық аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады», – дейді ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенко.

Палатаның сауалына жауап берген облыстық құрылыс басқармасы мемлекеттік органға бюджетті нақтылау жөніндегі бернеше рет өтінімдер жібергенін айтады. Сондай-ақ, нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына аяқтауға қажетті қаражат бөлуді де сұраған.

Бюджеттік комиссия өтініштерді бірнеше ай қарады. Содан кейін, сәуір айында өткен облыстық мәслихат отырысында шешім қабылданып, 261 миллион теңгеден астам қажетті қаржыны қайта қарастыру қажет деп танылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер